Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
5
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

“Нұр Отан” партиясының мүшелері ҚР Тәуелсіздігінің Декларациясын қолдады

Шарада сөз алғандар саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуы, «Ел Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның қабылдануы мен халықаралық беделдің қалыптасуы Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында екендігін атап өтті.
– Қазақстан үшін қиын-қыстау кезеңде Президентіміз дұрыс шешім қабылдап, еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, гүлденуіне жол ашты. Елбасының басшылығымен Президент институты, Парламент, сот жүйесі мен белсенді азаматтық қоғам қалыптасты. Осының барлығы экономи­каның барлық саласында тұрақты дамуды қамта­масыз етіп, қазақстандықтардың әл-ауқатын кө­теруге үлес қосады, – дейді аймақ басшысы Ерік Сұлтанов. – Елордамызды құруда Мемлекет бас­шы­­сының ерен еңбегі бар. Бүгінде Астана жаңа тех­­нологиялар мен әлемдік дипломатияның орда­сына айналып отыр. Келесі жылы бас қалада әлем­дік EXPO – 2017 көрмесі өтеді. Бұл – үлкен құрмет.
ҚР Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков осы қабылданып отырған тәуелсіздік декларациясын үлкен тарихи маңызы бар құжат деп танып отыр.
– Осы құжаттың негізі 1991 жылдың 29 тамы­зында, Президенттің Семей ядролық полигонын өз еркімен жабу туралы шешім қабылдаған сәтінде салынды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы белгісі де осы болатын. Бүгінде біздің 17 миллионнан астам халқымыз бар. Бәрі тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Мұндай табысқа Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық жауапкершілігінің нәтижесінде, қол жеткізіп отырмыз, – дейді Анатолий Башмаков.
СҚО-дағы нұротандықтар облыстық партия ұйымының 2015-2016 жылды қорытындылап, тексеру комиссиясының есебін тыңдады. Сонымен бірге, саяси кеңес пен тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады.
Облыста «Нұр Отан» партиясының 46 мыңнан аса мүшесі 389 бастапқы партиялық ұйымдарға біріктірілген. Облыстық партия ұйымының төрағасы, СҚО әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, бұлардың басым көпшілігі партияның сайлауалды бағдарламасы мен патрияның өзге де бағ­дарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысады.
– Аймақта экономика, әлеумет және көлік салаларындағы бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Осы жылы 170 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланып отыр. Аудандарда жастарға арналған 6 жатақхана мен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында 5 жеке тұрғын үй құрылыстары жүріп жатыр. Петропавлда салынып жатқан «Солнечный» ықшамауданында биыл және келесі жылы 500 жер телімі беріледі. Жұмыспен қамту саласында 15 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды. Білім алу саласын айтар болсақ, 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 97 пайызы мектепке дейінгі тәрбие және білім алумен қамтамасыз етілген. Облыс орталығында 140 орындық балабақшаның құрылысы басталып кетті. Алдағы уақытта 230 баланы қабылдауға мүмкіндік беретін тағы екі жоба жүзеге асады, – дейді Ерік Сұлтанов.
Нұротандықтар жұмысының тағы бір маңызды бөлігі – партия жобаларын іске асыру. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл­да еңбек еткендер, қараусыз, жалғыз қалған қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жастар, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың басындағы мәселелерді шешуді көздейді.
Аймақ әкімі баяндамасында Президенттің тапсырмасымен СҚО-дағы барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бас-көз болу түрлі мекеме, мемлекеттік ұйым басшыларына, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдеріне міндеттелген. Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында нұротандықтар мен облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депуттары ұйымдастырған бір айлық қайырымдылық шарасының өзінде 600 соғыс және тыл ардагерлері, мүгедектер мен жалғызбасты қарттарға 9 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.
СҚО басшысының сөзіне сүйенсек, партияның жаңа жұмыс бағытында жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқуын жалғастырмаған жалпы білім беретін мектеп түлектерін жұмыспен қамтуға аса мән беріледі. Бұл жұмыс барлық республика бойынша жүріп жатыр.
– Партия Лидері айтпақшы, «Нұр Отан» үшін азаматтардың сенімі, әлеуметтік мәселелердің шешілуі, қоғаммен үнемі байланыста болуы маңызды. Биылғы жылдың басынан бері қоғамдық қабылдауға 1989 азаматтан өтініш келіп түскен. Олардың төрттен бірінің (775 немесе 39 пайызы) мәселесі оң шешілсе, қалғандарына қолданыстағы заңның аясында түсініктеме берілді, – дейді аймақ басшысы.
Партия жұмысының келесі маңызды бағыты – жемқорлыққа қарсы тұру. Ерік Сұлтановтың айтуынша, аудандық және Петропавл қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының ұсынысымен осы жылы партияның үш мүшесі жемқорлық заңбұзушылық үшін қатардан шы­ғарылса, отыз екісіне партиялық жаза жарияланған.
Есептік-сайлау конференциясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысының күніне орай өтіп отыр.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз елдің негізін салушы. Ел бірлігін сақтап, Конституция, адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етті. 17 жыл бойы «Нұр Отан» партиясы ел Президентінің сенімді тірегі болып келеді. Бүгінде партия Көшбасшымыздың бағытын жүзеге асыруға қажет барлық ұйым­дастырушы, кадрлық, интеллектуалдық ресурстарға ие. Енді біздің мақсатымыз – осы ресурстарды барынша тиімді пайдалану. Партияның бағ­дар­ламалық құжаттарын, «Қазақстан стратегиясы – 2050», «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жұмыстарын жемісті атқаруды көздеп отырмыз, – деп сөзін аяқтады Ерік Сұлтанов.
Конференция соңында партияның ең белсенді отыз мүшесі облыстық партия ұйымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысхаттармен марапатталды.

 


 

ПІКІРЛЕР ТОҒЫСЫ:

Данияр ӘБУТӘЛІП,  «Нұр Отан» партиясы Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерейтойы қарса­ңын­да ҚР Парламенті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнал­ған декларациясын қабылдады.
Қазақстан – экономикасы дамыған, қуатты, табысты мемлекет. Бүгінгі Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының саяси жігері мен табандылығының, сарабдал саясатының арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіз Қазақстан – жас мемлекеттің теңдессіз жетістіктері мен табыстарының тарихы. Әрі біз бағындырған биіктер мен асулардың барлығы, өткені мен бүгінгісі, ең бастысы келешегі Тұңғыш Президент, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.
Бүгінде біз бақуатты, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Біздің «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің озық университеттерінде оқуға, жеңілдетілген шарттармен баспана алуға, өзімізге ыңғайлы жұмыс таңдауға мүмкіндігіміз бар. Мұның барлығы Елбасының Көшбасшылығының арқасында Қазақстан халқы қол жеткізген табыстар. Біз еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Президенттің даналығы мен саяси жігері, қайсарлығы, сенімі мен болашақты болжай білетін көрегендігі Қазақстанның алға қойған мақсаттарға жетуіне мүмкіндік берді. Ұлтаралық татулық пен бірлік, достық салтанат құрған еліміз жаһандағы талай мемлекетке үлгі болып отыр. Сондықтан біз, қазақстандықтар Елбасының төңірегіне топтасып, жұмылған жұдырықтай болып алға ұмтыламыз! Көшбасшы болу оңай іс емес, уақыттан озғандар ғана Көшбасшы бола алады. Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге өз жолымызды таңдадық. Елбасымен бірге әлі де талай биіктерді бағындырамыз.
Біздің мақсат – Елбасының айналасына топтасып, Мәңгілік ел болу жолында қажымай еңбек ету! Тәуелсіздік біздің тәу етер киеміз.
Кеңес МҰҚЫШЕВ, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл! Еңбекқорлықпен, шыдамдылықпен біз Тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Әлемдік қауымдастық Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылатын сәтті мемлекетті де біледі қазір. Барлық қазақ­стандықтарды топтастыру, барлық ұлттар достығын сақтау – бұл, әрине, ұлт Көшбасшысының, «Нұр Отан» партиясы Көшбасшысының еңбегі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ұлы тұлға – Президентке, Елбасына ризамын.
Галина СЕМЕНОВА, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:
– Тәуелсіздік – біздің теңдессіз қазынамыз. Біздің мемлекеттің азаттық алғанына небәрі 25 жыл болса да жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Жаһандық экономика шат­қаяқтап тұрған кездердің өзінде ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев теңдессіз реформалар жүргізіп, ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асырып, алдымызға нақты міндеттер қойып келеді. Мемлекет басшысы елде ты­ныштық пен берекенің сақталуын да қамтамасыз ете білді. Халық Президентке сенеді. Қиындықтарға қарамастан, Елбасы олардың барлығын жеңе білді, Қазақстанның экономикада, әлеуметтік салада табыстарға жетуі жолында нақты жоспарлар құрып, оларды жүзеге асырды. Бүгінде біз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кірмекке ұмтылудамыз. Ол күн де алыс болмасына сеніміміз кәміл. Әрі бұл жетістік біз үшін мақтаныш. Жиырма бес жыл ішінде біз шын мәнінде, ұлы жолдан өттік. Бұл жетістіктер халықтың жадында мәңгі қалуы тиіс. Өйткені тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз.

 

Жамал АХМЕТОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық  кәсіподақтар кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясының белсендісі:
– Біз «Қазақстан» дегенде, Назар­баев дегіміз келіп тұр. Сондай-ақ керісінше. Нұрсұлтан Әбішұлы атын әлем біздің елімізбен байла­ныс­тырады. Ол – нағыз Көшбасшы, ол елімізді жаңа табыстарға жеткізуде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін еліміз ілінген күйде болды. Ол өзгерістер үшін жауапкер­шілікті мойнына алған. Ол өзгерістер туралы біз 25 жылдан кейін қуанышпен еске аламыз. Елбасы бізге сыйлаған тәуел­сіздік – біздің нағыз мақтанышымыз. Оны білуіміз керектігін мен әрдайым әріптестеріме, достарыма, жастарға айтамын. Тәуелсіздік декларация­сының қабылдануы соңғы күнде ең талқылана­тын оқиғаға айналды. Бұл дұрыс, өйткені бізге тәуелсіздік жетістіктеріне, дана саясатын біркелкі жүргізген табысты мемлекет Қа­зақ­станды қалыптастырудағы Елбасының рөлін бей­нелеуі­міз қажет. Бүгін Астана – мәдениет­аралық, конфес­сияаралық диалог орталығы, эконо­микалық жетіс­тіктердің орталығы. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жүзеге асты.
Сұлтанбек ТӨЛЕГЕНОВ, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсендісі:
– Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы дек­ларация­сымен таныса келе осынау тарихи құжаттың ел дамуындағы маңызды қадам екеніне көзім жетті. Әрі бұл құжат жастарды отансүйгіштікке баулуға да айрықша үлес қоспақ.
Жас азамат ретінде мен мемлекетіміздің қалып­тасуында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың рөлі өте зор болғанын жақсы түсінемін. Өз құрбы-құрдастарым мен келер ұрпақтың мемлекеттің жетістіктері қайдан басталғанын, дамудың даңғыл жолының бастауы қайда екенін, ұлт Көшбасшысының бұл бағыттағы қызметінің қаншалықты зор болғанын білгені керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елі мен туған халқы үшін сіңірген еңбегін бағалай білуге тиіспіз.
Еркебұлан МАМБЕТОВ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Мамбетов және К» ШҚ бас директоры:
– Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылында біз нақты жетістіктерге жет­кеніміз туралы сеніммен айта аламыз. Агроөнеркәсіптік ке­шенді дамыту, әл-ауқатын өсіру – бұл кез келген республиканы дамы­ту үшін маңызды. Декларацияны қабылдау – бұл маңызды, дана шешім. Зор табыстарға жетуіміз Президенттің үлкен рөлін көрсетеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев – нағыз Көшбасшы» деп сенімділікпен айта аламын. Елбасының арқасында біз Орталық Азия аймағындағы экономикалық маңызды қозғаушы күші болдық, мәдениеттер мен діндер диало­гының орталығы болдық.

 

Сейілбек ШАУХАМАНОВ, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының ардагері:
– ҚР Парламенті палата­ларының бірлескен отыры­сында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы декларациясы» тарихи мәні зор құжат. Елдігіміз бен егемен­дігіміздің өміршеңдігін көрсететін бұл тарихи құжатта тәуелсіздік жылдары ішінде мемле­кетіміз қол жеткізген жетістіктері егжей-тегжейлі көрсетілген.
Декларация заманымыздың аса көрнекті қайраткері, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықты көрсетіп, сонымен бірге, халқымызды жаңа жасампаз істерге бастайтындығымен құнды.
Біз қысқа уақыт ішінде басқалармен терезесі тең мемлекет құра алғанымызды және жас республиканың небір сынақтарға төтеп бергенін лайықты мақтаныш етеміз. Бұл миллиондаған қазақстандықтар мен ел сенімін арқалаған Елбасының арқасы.
Мемлекет басшысы жалпы жаһандану мен ХХІ ғасырдың қарқындап келе жатқан сын-қатерлері жағдайында еліміз үшін жаңа жиектер мен жаңа мүмкіндіктерді ашты. Президенттік бағдарды басшылыққа ала отырып, 25 жыл ішінде қазақстандықтар стратегиялық құжаттар негізінде идеяларды шындыққа айналдырды.
Елбасының еңбегіне орынды баға берген декларация мемлекет дамуының негізгі кезең­дерін және қалыптасуын қамтитын салтанатты саяси-заңды құжат болып табылады.
Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры,  «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының төрағасы:
– Сарыарқа төсінде, сұлу Есілдің жағасында бой көтеріп, бүкіл әлемге танылған көрікті Астанамыз көлемімен де, келбетімен де төрткүл дүниені мойындатты. Бүгінгі Астана әрбір қазақстандықтың мақта­нышы, оны елдігіміздің, мемлекет­тігіміздің орындалған үкілі үмітіндей, қол жеткізген асыл арманының символындай қабылдайды.
Астана – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың төл перзенті. Ақиқатына келгенде тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – Тұңғыш Прези­дентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жолындағы саяси стратегиясының жемісі. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елорданы көшіру және Астана қаласын жаңадан салу идеясының авторы және бас сәулетшісі.
Ұлан байтақ ұлы даланы алып жатқан еліміздің көгінде ашық аспан, биіктігі аспанмен таласқан, етегінде мөлдір бұлақ сарқыраған, алып Алатаулар қоршаған, табиғаты сұлу аймақта туып-өскен Елбасы­мыздың мұраты – биік, арманы – асқақ.
Қазір әлем таныған Қазақстанның бүгінгі саяси аренадағы беделі елін сүйген Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. Қазақ халқының тарихи Отаны, сонау бабалары­мыздың мәңгілік мекен-бесігі, ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кейін таныды.
Мұның барлығы – Тәуелсіздік таңы атқаннан кейінгі жүзеге асқан мақсаттар!
Михаил КОНОВАЛОВ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты :
– Ғажайып жетістіктерге жеткен Қазақ­станның қарыш­тап дамуына Тұңғыш Прези­денттің қосқан өлшеусіз еңбегі негіз болып отыр.
Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан осындай биік асуларды бағындырады деп ойлап па едік? Елбасының басшы­лы­ғымен біз балама­сы жоқ жаңа, күшті әрі дамыған мем­ле­кет құрдық. Ең алдымен Президентіміз жүргізген сали­қа­лы саясаты арқасында біз ұлтаралық және кон­фес­сияаралық әлемде тату-тәтті тірлік кешудеміз. Елімізде жыл сайын жаңадан білім беру, денсау­лық сақтау және мәдениет саласы объектілері тұрғызылуда. Жүздеген кәсіп­орын­дар­дың іргесі қаланып, мыңдаған жұмыс орындары құрылуда. Біз болашаққа алаңсыз адымдап, алға қойған мақсаттарға нық сеніммен жетеміз.
Астанамыз – біз жеткен жетістіктердің жарқын айнасы, ол Президенттің әлем ал­дындағы мәртебесі! Астана барлық қазақ­стандықтардың мақтанышы!
Қадиша ОСПАНОВА,  «Нұр Отан» партиясының Қарағанды  облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Қарағанды облысының тұрғындары – металлургтер, шахтерлер, білім беру, ден­саулық және мәдениет саласының қыз­меткерлері Мемлекет басшысының саяси бағытына үнемі сенім білдіріп, қолдау көрсетіп келеді. Бұған ел Президентін сайлау кезінде халықтың біртұтас бірлікте Нұрсұлтан Әбішұлын таңдауы айғақ.
Біз барлығымыз Қазақстан мемлекетінің алға қарыштап дамуының куәгеріміз. Тәуелсіздік жылдары біз көптеген жетіс­тіктерді бағын­дырдық. Біз, экономиканың, білім беру мен денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуын қамтамасыз еттік. «Қазақстан – 2030» стратегиясын уақытынан бұрын жүзеге асыр­дық. Әрине, осының барлығы Қа­зақ­станның Тұңғыш Президентінің шексіз еңбегі.
Болат САДЫҚОВ,  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:
– Бүгінгі таңда ұлт ден­саулығын қорғау – қай мемлекеттің болса да ең басты назардағы мәселенің бірі екені хақ. Тәуелсіздіктен кейінгі ауыр кезеңдерде ҚР Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен осы салада уақыт күттірмейтін маңызды құжаттар әзірленіп, халықты әлеуметтік және медици­налық тұрғыдан қолдау туралы бірқатар Жарлықтары шықты.
Міне, көріп отырмыз, 25 жылдың ішінде отандық денсаулық сақтау саласы әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілді: заманауи медицина орталықтары, ауруханалар мен ем­ханалар салынды. Халық денсаулығы көрсет­кіштерінде БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған айтарлықтай оң өзгеріс­терге қол жеткізілді. Соның нәтижесінде, ши­рек ғасырда бала туу деңгейі 60 пайызға өсті. Қа­зақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартуға қол жеткіздік.
Дәрігер, депутат ретінде жақсы білемін – денсаулық сақтау мен оны нығайту үшін республика қоржынынан да, Алматы қала­сының қазынасынан да елеулі қаржы жұм­салып отыр. Айталық, бұл қаражат қала бюджетінің 20 пайызынан астамын құрап отыр. Осының нәтижесінде, тұрғындар жаңадан салынған көптеген емдеу орын­дарында денсаулығын түзеп, ризашылықтарын білдіруде. Бұл қадам­дар қоғам мен әрбір адамның әл-ауқатының артуына жағдай жасайды, әрі қарқынды дамитын еңбек нарығын құруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, адамдардың ортақ еңбегі арқылы еліміздің әлеуметтік-экономи­калық әл-ауқаты қарыштап өркендеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияда осы даму мен өзгерістердің басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғаны лайықты атап өтілген. Назарбаев – тарихтың да, тағдырдың да сыны­нан абыроймен өткен, тәуелсіз мемлекеттің уығын тігіп, оны әлемге танытып, мойындатқан тұлға!
Мұрат ӘБДІШҮКІРОВ,  Ауған соғысының ардагері, «Нұр Отан» партиясы АҚФ Саяси кеңесінің мүшесі:
– Халқымыздың «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейтін мақалын жиі айтамыз. Мұның жөні бар. Өйткені біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтты ұйыстыра білген саясатын қолдаған, берекелі еліміздегі барлық этнос­тардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз екендігіне бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр.
Жиырма бес жылдағы қалыптасу кезеңінде еліміз өзгелерге де үлгі болып, өркениет кө­шіндегі өз орнын иеленді. Бұл жол – эконо­микасы қуатты, саясаты тұрақты Қазақстан жолы десе де болады. Тек қана береке-бірлікті, тыныштықты ту еткен Елбасы экономикалық реформаларды байыпты жалғастыра отырып, мемлекетаралық қатынас, саясат, елдік мәсе­лелерінде өзіндік ұстанымын танытты және әлемді мойындатты. Қазақстан астанасы 1997 жылы Алматыдан Сарыарқа төсіне, Еуразияның кіндігіне қоныс аударды, жаңаша тірлік басталды. Осы жаңа елордада Мемлекет басшы­сы Мәңгілік ел идеясын өмірге әкелді, бұл қас­терлі шақыруды бүкіл қазақстандықтар бірауыздан қолдады. Мұның бәрі бір ғана тұлғаның – Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі екені даусыз.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы деклара­циясында Елбасының ширек ғасырдағы ұлан-ғайыр осы еңбегіне өте жоғары баға берілгенін өз басым лайықты деп санаймын.
Сайлаубай ӘБІШЕВ, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі:
– Қазақстан Республи­касының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу қарсаңында жер-жерде халқымыздың дәстүріне сай тәуелсіздік үшін күресте маңдай терін төккен, жанын пида еткен, ел тұтастығын сақтауға барынша еңбек сіңірген ұлт мақтаныштарының өнегелі істерін бүкіл елдің жадына қайта әкелуге қоғамдық ұйымдар тарапынан, мемлекетіміздің қолдауына сүйеніп, атқарылып жатқан жұмыстар көпшілік назарында екенін бәрімізде білеміз. Сөз жоқ, дүниежүзі мойындағандай, тә­уелсіздігіміз баянды болғай деп тілейік.
Кеңес елі атанған алып империяны құраушы одақтас республикалардың бірі ре­тінде, аға буын өкілдерінің табанды көз­қа­растарының нәтижесінде, байырғы қазақ дала­сының, қазіргі тілмен айтқанда Ұлы дала елінің ұлан-байтақ кеңістігінде мемле­кеттігіміздің алғашқы атрибуттары біртіндеп қалыптаса бастады, ол тәуелсіздікке ұласты. Дербес мем­лекет болып, шаңырақ көтеру оңай жұмыс емес екенін өткен уақыт кезеңі дәлелдеп те берді.
Дүниежүзіндегі территориялық көлемі жағынан тоғыз елдің қатарында жататын Қазақ елі өз шекаралық аумағын көршілерімен толық түсіністік тауып заңды түрде бекітті. Дүниежүзі қауымдастығының толыққанды мүшесі болып қана қоймай келесі жылдан бастап, БҰҰ тұрақты емес мүшесі болып сайлануының өзі көп нәрсеге терең зерделеуді қажет етеді. Еліміздің экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізілді, қорғаныс қуаты артты, тұрғындардың әл-ауқаты күннен-күнге жақсара түсуде. Еуразия кіндігінен өз орталық қаласын белгілеп, осы заман талабына сай сәулетті де әлеуеті жоғары Астана қаласын салды. Осы жұмыс­тардың бастауында болған, қазақтың бір туар азаматы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі мәңгілікке қалатыны сөзсіз. Мұны біздің әрқайсысымыз мойындауымыз керек. Қиын кезеңнен жол тауып, жарқын болашаққа қол бастау, халқының сеніміне ие болып, өзге жұртты мойындата білу де адамның адамына үлкен сын.
Осы ретте айтуымыз керек, бұның барлығы еліміз азаматтарының басым көпшілігінің тұрақты идеясының бірлігінде жатыр еді. Ал идеялық бірлік болған жерде болашаққа деген сенім де берік болады.
Болатбек ҚЫСТАУОВ,  «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Парламент палата­ла­рының бірлескен отырысында қа­был­данған «Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларация­сының» еліміз үшін маңызды оқиға болғаны рас. Шыны керек, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен өрелі міндеттері терең ойластырылған стратегиялық бағыт екені анық. Декларацияда айтылғандай еліміз ширек ғасырда эконо­микасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты.
Әрине, бұл айтулы жетістіктердің барлығы да еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назар­баевтың саяси ерік-жігерінің арқасы екені даусыз. Мәңгілік ел құндылықтары халықтың ортақ мақсатын, ортақ мүдделері мен ортақ болашағын біріктіріп берді. Сондай-ақ Елбасы ұлт болашағы үшін көптеген игі бастамаларды айтып қана қойған жоқ оны жүзеге асырудағы реформаларын айрықша атап кетпеу мүмкін емес. Кешенді реформалау нәтижесінде, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орынға көтерілді.
Аманкелді АРЫСБАЕВ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалының директоры,  «Нұр Отан» партиясы   «Темір жол» филиалының төрағасы:
– «Нұр Отан» партия­сының XVI съезінде «Тәуел­сіздік жылдарындағы жетіс­тікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деп Елбасының айрықша атап, көрсетіп берген бағасы Сыр халқының мерейін көтерді, жаңадан серпін берді. Елбасының «басқа тұсқа бармай-ақ бір ғана Қызылорда өңірінің бүгінгі даму деңгейі елдің жетістігін тұтастай паш ете алады» дегені бұл тәуелсіздік жылдарындағы табысымыздың көрінісі.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Елбасының демеуінің арқасында, темір жол саласы көшбасшылық орынға шықты. Елба­сының тікелей қадағалауымен ұзақ жылдарға арналған индустриялық-инно­вациялық бағдарламаның нәтижесінде, еліміздің көлік саласы бүгінгі таңда зор өзгерістер мен жаңару-жаңғыртуларға арқау болған ірі жобаларды батыл жүзеге асырды. Дағдарысқа қарсы «Нұрлы жол» бағдарламасын сәтті жүзеге асыры­луы, болашақта бес халықтық рефор­маны іске асырып, еліміз көздеген, өзіміз жоспарлаған мақсат-міндет­терге еш кедергісіз жету үшін жұдырықтай жұмылып, Отанымызға жемісті қызмет етуге бар күшімізді салып, еңбек етуге шақырды. Қазақстан темір жолы «Индустрияландыру Көшбасшысы» деп танылып, «Алтын Сапа» арнайы жүлдесімен марапатталуы, жалпы саламыздың көптеген жетістіктерге қол жеткізуі Мемлекет бас­шысының сындарлы саясатының арқасы.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығы деклара­циясының қабылдануын маңызды деп санайды.
Мәңгілік ел – Ұлы дала елінің теміржол­шылары Елбасымен бірге айқын мақсат-міндеттерге жұдырықтай жұмылып, алда талай белестерді бағындыра береді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз