Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Нұр Отан” мен мүфтиятты кім біріктіргісі келеді?

Әлеуметтік желідегі көрінегеннің жазбасынан жаңалық іздеп отыр деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, аталған екі ұйымның қоғамға зияны тимесе де, дәл қазір келтіріп жатқан пайдасы расымен де көп емес.

Мәселен, ел тәуелсіздігін алған уақыттан бері ҚМДБ құрылып, Қазақстандағы мешіттер саны еселеп артты.

Атап айтсақ, тоқсаныншы жылдардың басында еліміздегі мешіт саны 100-ге де жетпесе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан асып отыр.

Демек, елдегі ислам дінін ұстанушылардың да қатары еселеп артты. Бірақ, мешіт пен молда санының артқаны халықтың иманын күшейтті ме? Әй, қайдам?! Күшейтсе, қазіргі айналамызда орын алып жатқан түрлі жауыздықты кім жасап жатыр?

Ұрлық-қарылықты айтпағанда, адам өлтіру, зорлау, тонау, өлімге итермелеу, адам ұрлау, жезөкшелікке жегу секілді ауыр қылмыстарды тек атеистер ғана жасайды ма? Айналдырған 5 жыл ішінде қаншама лаңкестік оқиғалар орын алды. Елбасының өзі бұл терактілердің артында салафилердің тұрғанын айтқан болатын.

Сонда мүфтият осы діни жағдайды реттемегенде немен айналысады, оның міндеті не? Тек садақа жинау ғана болатын болса, онда мүфтияттың расымен де керегі жоқ. Өйткені, садақаны жаңадан әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексіне бір тармақ етіп енгізе салуға болады.
Ал, «Нұр Отан» партиясының әуел бастағы миссиясы жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру болатын.

Алайда, елімізде парамен ұсталып жатқан жемқорлардың көбі дәл осы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Бәлкім, екі ұйым біріксе, пара алуға иманы жібермейтін шенеуніктер көбейіп, елдегі қылмыс саны да азаяр. Ендеше, біздің реформа жүргізуге құмар үкіметтің құлағына алтын сырға дейміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз