Елбасы «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары қарастырылды.
В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыздың құрылыс және мұнай-газ саласының одан әрі дамуына ықпал ететін түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.