Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Мысыр қазақстандық студенттерді не себепті ұстағанын таяуда хабарлауға уәде берді

Олармен байланыс алты күн бұрын үзілген. Алдын ала мәлімет бойынша студеттер шетелге тіл үйрену үшін және араб тілінен бірнеше кітапты тәржімалауға барған. Олардың жол ақысы мен жүріп-тұруын мысырлық бір қор төлеуі тиіс болыпты.

Қазір осы қор да, тіл үйретуі тиіс орталық та студенттер туралы тіс жарар емес. Бір белгілісі – оларды полицей формасын киген адамдардың ұстап әкеткені. Студеттерді не үшін ұстады және алты бірдей отандасымыз бүгінде қандай күйде, бұл жағы беймәлім.

Қазақстан тарапы Мысырда ұсталған алты студенттің тағдырын анықтау бойынша  жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

“Кеше Қазақстан елшісімен кездесу қорытындысы бойынша Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасары жақын уақытта ресми жауап болатынын айтты. Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сондай-ақ, Мысырдың Қазақстандағы істері бойынша уақытша тағайындалған сенімді өкілі шақыртылды”, — деп жазды Жайнақов Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз