Бұл ұсынысты қолдап үн қосқандар аз емес. Дегенмен, шымкенттік белсенді мұғалім Өмір Шыныбекұлының пікірі басқа. Оның айтуынша, вице-министр кезінде “түк бітірмеген” Әбенов министр болғаннан кейін де саланы дамытып жарытпайды.
“Бір қайраткерлер М.Әбенов деген біреуді БжҒ министрлігіне ұсынып жатыр екен! Біріншіден, ол орында әзірге Е. Сағадиев отыр. Екіншіден, М.Әбенов қарық қылатын болса, парламентте отырды. Үнсіз отырды! БжҒ вице-министрі болды. Не істеді? Ол жерде де дымы шықпады”, – дейді педагог Өмір Шыныбекұлы.
Оның пікірінше, Білім министрлігін басқаруға лайықты бір тұлға болса, ол – академик Асқар Жұмаділдаев. Бұл пікірді әлеуметтік желі қолданушыларының басым көпшілігі қолдап отыр.
Дереккөз: sn.kz