Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мұныңыз не?”. Белгілі блогер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады

166

«Өзіміздің өнер әлемінде не боп жатыр екен деп Бауыржан Ибрагимовтың Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатын көріп қалдым. Мына үзігінде Төреғалидің әлгі шуына байланысты пікір айтып отыр. «Сахна киесі бар. Оның құдыреттілігі соншалық, әртістеріміз мешітке бара алмай қалып жатса, кез-келген театрдың сахнасына барып, табынып, басын иіп, Құранын оқып кетсе де қабыл болады» деп лағады. Лағудың да шегі бар шығар», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ, Өркен Кенжебек сахнада кие болмайтынын атап өтті. Тек сахна мәдениетін сақтау керек екен.

«Егер Бауыржан айтқандай, сахнада кие болса, «Құдағи, бір партия» деп құда мен құдағидың арасын жүйелі түрде азғырғаны үшін «последний патрон» (ред. Автордың сөзі өзгертілмей берілді) иесінің шалбары түсіп кетер еді, әйтеуір бір күні. Егер сахнада кие болса, соған шөп шегіп, арақ ішіп, іш киімінің алды сары, арты қоңыр боп шыға салатын әншілердің жағы ажырап кетер еді. Сахналық көйлегі қолтық жүні қырқылмаған жезөкшенің көншегіндей салдақы тектестерге бірдеңе болар еді. Ән ұрлаған, дауысын компьютермен зорайтқандар ше?

Сахнаға қатысты ырымдар бар, иә. Бір актриса бар еді, театрдың сахнасына адам сияқты амандасатын. Біреу оған тек оң жағынан шығу керек дейді, біреу сол жағынан – сонда қадамым сәтті болады дейді. Жарайды, ол. Бірақ, мен білетін сахнада кие жоқ. Сахнаның мәдениеті бар. Ал ол мәдениет әркімнің жеке мәдениетінің деңгейі. Басқа ештеңе де емес», – деп жазды журналист Өркен Кенжебек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бауыржан Ибрагимов елді шулатқан қонақ үй оқиғасының неден басталғанын айтып берген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз