Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мұнша көрермен тұрғанда мен қайда кетем?”. Димаш Қытайда жұмыс істейтінін айтты (видео)

Әрине, денсаулығыма байланысты фонограмма қолдануыма болар еді. Бірақ

мен жауапкершіліктен аттай алмаймын. Менің табиғатым сондай. Көптен өзімді ешқашан жоғары қойған емеспін. Оларды алдай да, сата да алмаймын. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, мен үшін көрерменнің ықыласы өте қымбат. Көрермен ықыласы мені шабыттандырады, менің алға жылжуыма жол ашады, мені бақытқа бөлейді. Біз біртұтас әлембіз. Біз бір-бірімізге адалмыз. Оны былғауға болмайды. Сондықтан да менің фонограммаға жүгінуге дәтім бармады.

Дәрігерлер 3 аптада дауысың жәймен қалпына келеді деп айтты. Мен сол уақытты қазір күтіп жүрмін. Бірақ ол ескертуге қарамай, арасында ән орындап қоямын.

Оның себебін жаңа түсіндірдім ғой…

Осы сұқбатында Димаш болашақ жоспарымен де бөлісті.

– Болашақ жоспарларым туралы әлі айтқым келмейді. Өйткені қазақтар ырымшыл халық. Мен ырымға қатты сенемін деп айта алмаймын. Дегенмен деп қоямыз ғой. Сондықтан алға жүгіріп, болжам жасағым келмейді. Бір анығы – бұл жоба менің бағымды ашты.

Бір жақсы жаңалықпен күштілеп тұрып қуантамын. Бұл да анық нәрсе. Әрине, бұл жоба үлкен көрермендерді маған жинап бергеннен кейін,

мен міндетті түрде жұмысымды Қытай елінде де жалғастыратын боламын.

Бұл сахнаның төріне шығу оңай болған жоқ. Осынша көрермен сүйгеннен кейін оларға мен қызмет етуім керекпін. Солардың көңілінен шығып, ренжітіп алмас үшін барымды салатын боламын. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін жұмыс, сол секілді екінің бірінің басына берілмейтін бақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз