Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мұндайды қойсаңызшы!”. Тоқаев пен Мырзахметов сөзге келіп қалды (видео)

178

Негізі сенаторлар есеп-қисапқа жауапты министрлерді шақыртып, былтырғы бюджеттің тиімді жұмсалуын талқылауға жиналған болатын. Бірақ, күтпеген жерден қазына қаржысы жайына қалып, халық қалаулылары Ауыл шаруашылығы министрін жан-жақтан  қыспаққа алды.Тіпті үсті-үстіне үдей түскен шабуылға спикердің өзі де араласып, отқа май құйғандай болды.

Сөйтсе, жоғарғы палатаның ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаларға мүлдем көңілдер і толмайды екен. Айталық

«ҚазАгро» холдингі арқылы шаруаларға деп жылда миллиардтаған субсидия бөлінгенімен, қазына қаржысы құмға сіңген судай, нәтижесі жоқ.

Мәселен, үкімет былтыр ірі қара етінің экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлаған. Бірақ керісінше, биыл ет өнімдерінің экспорты 45 пайызға төмендеп кеткен.

Мырзахметов алдымен депутат Серік Біләловке шүйлікті.

“Ауыл шаруашылығы министрлігіне жылдан-жылға қыруар қаржы бөлінеді. Ал аграрлық салада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тиімді технологияны пайдаланып жатқан жоқпыз. Тек егін алқаптарын кеңейтумен күнелтудеміз”, – дейді халық қалаулысы.

Мырзахметов қалай ақталды?

Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі болған соң 2017-2020 жылға арналған жаңа бағдарлама жазып шыққанын айтып, ақталуға тырысты. Субсидия берудің талаптарын да қайта қарап шығыпты. Енді жаңа жоспары жүзеге асса, ауыл шаруашылығы өнімі 30 пайызға артады дейді. Дегенмен бұл жауапқа Сенат төрағасы сенген жоқ. Тоқаев тіпті Ауыл шаруашылығы министрінің өзін жарналамаудан қолы босамайтынын бетіне басты.

Тоқаевтың сөзін қаз-қалпында бердік:

– Просто подводите всех! Аскар Исабекович, вы специалист по сельскому хозяйству, на вас надеются, вам дали чрезвычайные полномочия – заместитель премьер-министра. Принимайте решения, надо дело двигать, в конце концов! Программу написать мы тоже можем, проблема что ли?

Сенат спикерінің бұл сөзіне шамданып қалған Мырзахметов,  төрағаның сыны мүлдем орынсыз деп отыр.

“Біріншіден, бұл бағдарлама енді ғана басталып жатыр. Сондықтан басталмай жатып қазір «анау қайда, мынау қайда?» деген кішкене артық деп есептейміз. Соған қарамастан осы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда біз жаңа бағдарламаның нәтижесін көріп отырмыз. Нақты  деректер бар”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Топшыласақ, Мырзахметовті шамдандырған Тоқаевтің “өзіңізді жарнамалаудан қолыңыз босамайды”, деген сөзі сияқты. Жанды жеріне тигендей ме, қалай?

Шынымен, шенеуніктер арасында мұндай үрдіс жиілеп кетті соңғы кездері. Ал жұмыс ше? Оның нәтижесі қандай?

Бұдан кейін…

Мырзахметовтің жүйкесін жұқартып болған соң «Самұрық Қазынаның» мәселесі майшаммен қаралды. Сенаторлардың айтуынша, еліміздегі ең ірі ұлттық компания қазынадан қаржы сұрауын тоқтатпаса,  соңы дағдарыспен тынуы мүмкін.

“Самұрықтың” жұмысы ашық емес. “Самұрық-Қазына” Парламентке, я болмаса халыққа есеп бермейді. Бұл жақсылыққа апармайтын ахуал деп ойлаймын. Бір күні үлкен дағдарыс болады осы мәселе бойынша. Оны ашық айтуымыз керек”, – дейді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, сенаторлар мемлекеттік шығын мен кіріске де алаңдап отыр. Елімізде пайда көлемі төмендеп, шығын керісінше 7 есеге артқан. Ол аздай,

мемлекеттік сыртқы қарыз да соңғы он жылда 15 есеге өскен. Қазір Үкіметтің 9 триллионға жуық берешегі бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз