Біз бәлендей ештеңе істеп қатырып жүрген жоқпыз. Бірақ осындағы өзін ұлтшыл санайтын кей кісілердің кіммен тамақ ішіп, кіммен жүргенін, кімге “қол беріп”, кіммен суретке түскенін әлеуметтік желіге жар салып жариялап, сонысымен арзан лайк жинайтын әпенділігі ұнамайды.
Мен соңғы бір жылда бірнеше депутатпен, “ел ағасы” дейтіндей үлкен ағалармен, тіпті, президенттің жанында жүретін біраз кісімен де табақтас болыппын. Бірақ солармен суретке түсіп, сондай “жұлдыздардың” қолынан қолтаңба алғанды өзіме қор санаймын. Және ондай суреттерді әлеуметтік желіге салып, елден лайк дәмететін әпенділігім тағы жоқ. Мұндай арзан популизмнің не керегі бар?
ЖолымбеТ Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан