Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мұнда мені ештеңе ұстап тұрған жоқ…”. Тәуекел Мүсілім Қазақстаннан кетіп қалған ба?

356

“Әкесіз өскен адам ретінде, үйленер алдында 10 рет ойланамын. Ал егер үйленсем, ажыраспау үшін отбасы құрамын”, – деді Мүсілім.

Актердің айтуынша, танымал болғандықтан қыз таңдау оңай іс емес екен.

https://kaz.365info.kz/zhana-trend-tauekel-mysilim-zhasandy-sakhal-tagyp-zhyr-290708

“Қыздың саған деген көңілі шын ба, жоқ па – түсіне бермейсің. Кейбір қыздардың қарым-қатынасты ойнап жасайтынын, өздерінің жалған сезімін білдіріп тұрғанын сезбейтінін көп байқаймын. Осындай кездесулерден кейін мені олардың шоу-бизнестен тыс қаншалықты бағалайтынын білу оңай емес. Үйленсем, бәрі де орнымен болғанын қалаймын, мен асығыс емеспін”, – дейді актер.

Ал тоқал алуға қатысты сұраққа Тәуекел өмірде бәрі де болуы мүмкін екенін айтты.

“Өзің дайын болсаң, бастысы бірнеше әйеліңді асырай алсаң, неге алмасқа? Онсыз да азбыз: бар болғаны – 17 миллион. Демографияны көтеру қажет. Алайда қазір сөз жүзінде емес, іс жүзінде мықты жігіттер аз. (…) Бірінші әйеліңмен шешіп алуың қажет. Содан кейін ғана екінші әйеліңмен келісе алғаныңа байланысты (күледі). Бір жағынан, ғашық болып қалсам, оны ешкімге де айырбастамас едім. Басқасын іздеудің қажеті де болмай қалады. Қайталап айтайын, өмірде бәрі де болуы мүмкін”, – дейді Тәуекел Мүсілім.

https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-au-mas-tauekel-mysilim-kafede-tobelesti-18-289212

Ал болашаққа құрып отырған жоспары жайлы айта келе, Тәуекел біршама уақыт АҚШ-та тұрып көргісі келетін жасырмады.

“Мұнда өз орнымды тауып, жағдайымды жасадым. Адамдар мен жайлы әңгімелеседі, жобаларым жетістікке жетіп жатыр. Отандық нарықта жетістікке жетсең, бұдан кейін дамуға шабыт болмай қалады. Мен 28-демін, үйленбегенмін, мұнда мені ештеңе де ұстап тұрған жоқ. Сондықтан АҚШ-қа барып, актерлік білім алып, өмірге жаңа көзқараспен қарап көргім келеді”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз