Көпшілікке «Алло», «Қайда» әнімен танылған Ерке Есмахан Астана төрінде ән шырқап, шаһар тұрғындарын сұлу да сымбаты, қазақ қызына тән қарапайымдылығымен таң қалдырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Белгілі әнші Ерке Есмахан Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ән шырқап, көпшілікті өзінің қарапайымдылығымен тәнті етті. Астаналықтар әсіресе, Еркенің ерекше сұлулығы мен сахнадағы өнеріне таң қалысып жатты.
«Өзім ақтөбелік болсам да, Еркені жақыннан бірінші рет көруім. Өмірде өте сұлу, әрі қарапайым жан екен. Әндері де көпшіліктен көңілінен шықты. Астанада осындай шараларды жиі ұйымдастырған жөн деген ойдамын. Халық көп, барар жер аз. Сондықтан, қарапайым қала тұрғындарына арналған ән кештерін ұйымдастырса да халық жаппай баратын еді», – деп ағынан жарылды елордалық тұрғын.
https://kaz.365info.kz/shydap-zhyrdim-erke-esmahan-algash-ret-toregalimen-bolgan-zhanzhal-turaly-ashykh-ajtty-290067
Десе де, көпшілік арасында Еркенің сыртқы образына сынай қарағандар да табылып жатты. Айтуларынша, әншінің сол кеште киген көк көйлегі тым қарапайым әрі арзан көрінеді екен.
«Еркенің бейнебаяндағы образдары, киіну стилі өте қатты ұнайтын. Ал, бүгін шыны керек, тым қарапайым киінген екен. Мүмкін, әншілер тек үлкен сахналарға әдейі көйлек тіктіртіп, дайындалатын шығар.
https://kaz.365info.kz/kukuruz-bagyp-zhyrgem-zhokh-erke-esmahan-kimge-ashuly-video-287352
Бірақ, көрермен қай жерде де көрермен. Сондықтан, әншілер қандай ән салса да, сыртқы образдарына ерекше мән беруі тиіс деп ойлаймын», – деп өз пікірімен бөлісті Гүлзира есімді астаналық ару.
Айта кетейік, кеше елордадағы сауда орталықтарының бірінде, «Sulpak» сауда дүкені ашылып, онда белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен еді. Айтулы шарада Ерке Есмаханмен бірге әнші Айқын Төлепберген де қатысты.