Аша Матай кәсіби тележүргізуші, актриса, бірақ, әнші емес. Бұл “Гәкку даусы” концертінен соң қалыптасқан жұрттың ойы.
Қос ғашық Арман мен Ашаның орындауындағы “Жараламағын” әні концерттерден гөрі, үйлену тойларда жиірек шырқалады. Құдды бір махаббат әніне айналғандай.
Әр жыл сайын өтілетін “Гәкку даусы” шарасы әншілердің басын қосып, көрермендерге тек жанды дауыста ән шырқап, жақсы көңіл сыйлайтын шара. Осы жылы өзінің танымал әнімен Арман мен Аша да ән салды. Бірақ, әдетте ғаламторда естігендей емес. Ашаның даусы құртып тұр.
Шоу-бизнесте алғаш рет әнші болып бастаған Аша Матайды көрермендер енді тек тележүргізуші ретінде көреді екен.