Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

“Мынау менің орным”. Димаштың концертінде билеттерге қатысты шу шықты

“Бұл менің орным десем, олар өз билеттерін көрсетті. Салыстырып қарасам, екі билетте де бірдей орын, қатар, сектор көрсетілген. Тек бағасы ғана әртүрлі. Мен 10 мың теңгеге сатып алсам, олар Chocolife арқылы 2800 теңгеге сатып алыпты. Бастысы, екі билет те бір-бірінен айнымайды”, — дейді ол.
Әйелдің айтуынша, концертке келген басқа жандар да тура осындай жайтқа тап болған.
“Біз сияқты жүрген адамдар көп болды. Олар да дәл осындай жайтқа тап болыпты. Адамдар бір-бірімен ұрысысып, айғайласып жатты. Кейбіреуі кетіп қалса, өзгелер қалуды жөн көрді. Қысқасы, абыр-сабыр болып кетті. Өмірімде алғаш рет осындайды көріп отырмын. Сұмдық жағдайды бастан кештік”, — дейді көрермен.

Әйел адам ойдағыдай көре алмаған кештің өтеуін алғысы келетінін де жасырмады. “Choco Family” холдингінің баспасөз қызметі бұл жайттан хабардар екенін айтып, билеттерді тікелей сатушы компаниялармен келіссөздер жүргізіп, мәселенің анық-қанығын сұрастырып жатқандығын мәлімдеді. “Choco Family” жуық арада мән-жайды түсіндірмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз