Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мынау Қайрат емес!”. Жұлдыз Әбдукәрімова үйлену тойындағы суреттерін жариялады

277

“Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ – дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова  апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtas-tosek-khatynasy-bar-koriniste-zhyldyzdyn-ornyn-dubler-almastyrdy-video-284623

Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз “Қыз Жібек” спектакльінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті “Ешкімге көрсетпеймін” әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық.

Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз.

P.S. Айтпақшы, тағы бір қызық болған. Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті.

Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз. Түнгі 2-3тер шамасы.

Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз”, деп өткен қызықтарды еске ады Жұлдыз.

https://kaz.365info.kz/osygan-dejin-tyndap-keldim-khajrat-nyrtas-anasyna-kharsy-shykhty-video-310686

Ал әншінің жас кезін көрген оқырмандар оны тани алмай жатты: “Қайраттың түріне не болған?” ,”Мынау Қайрат па өзі?”, “Галстугын қараңдар”, “Қайрат не деген жас”, деп пікірлерін жаудырды желідегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз