Теңге бағамының бір мезеттік құлдырауына жол бермеу үшін түбегейлі шаралар қажет. Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қызметті ұлттандыру.
Bloomberg басылымының талдаушылары “қара алтынның” қымбаттауын “геосаяси шиеленістің қайта орын алуымен” байланыстырады
Йеменнің хуситтер тобы Біріккен Араб Әмірліктеріне (ОПЕК ұйымындағы үшінші ірі мұнай өндіруші)шабуыл жасағаннан кейін жеткізілімнің орын алуы мүмкін үзілістеріне қатысты алаңдаушылық туындады. Бұл Иранмен байланысты топ пен Сауд Арабиясы басшылық ететін коалиция арасындағы күрестің шиеленісуіне әкелді. Шабуыл нәтижесінде Абу-Дабидің басты халықаралық әуежайында өрт болып, жақын маңдағы өндірістік аймақта бензин тасушы машиналар өртенді.
Экономист Петр Своиктің айтуынша, мұнайдың қымбаттауы доллардың белсенді басып шығарылуымен де байланысты. Мұның соңы
Америкадағы инфляция қорқынышты ауқымға ие болуына әкеледі
— Сондықтан, басқалармен қатар, мұнай бағасының өсуі, инфляцияға қосымша күш бола алады. Бұл инфляциялық толқын бүкіл әлем бойынша жоғары жылдамдықпен таралатын болады, — деп есептейді ол.
Мұнайдан түсетін кірісі ел бюджетінің жартысын құрайтын Қазақстан үшін мұнайдың өсуі оңтайлы фактор болып табылады. 2022 жылдың бірінші тоқсанында мұнай барреліне 100 доллардан жоғары көтерілуі мүмкін деп күтілуде.
– Әрине, жалпы біз үшін жағдай қазір қолайлы. Бірақ оған біздегі сыртқы төлем балансының теріс болуы сызат түсіреді — ол бірақдан бері бізде теріс болуда
Бұл өте жағымсыз жағдай, өйткені егер Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастары оң емес, теріс болса, онда ішкі даму үшін, әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу үшін ресурс аса қажет. Әсіресе, президент Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойған соңғы оқиғалар аясында. Егер сыртқы тепе-теңдік теріс болса,онда ресурс оңайлықпен жасалмайды. Әрине, қандай да бір әрекеттер жасауға болады, бірақ ол ішкі инфляцияны күшейтеді.
– Теріс төлем балансының орын алу себебі салынған шетелдік инвестициялардың кірістерін әкету және Қазақстанның сыртқы борышына қызмет көрсету құны, тіпті мұнайдың бағасы жоғары болған кездің өзінде де, шикізат экспортынан түскен барлық кірістерімізге қарағанда әлдеқайда көп болып қалуда.
Сондықтан да “қара алтын” бағасы өскеніне қуанып, оның жалғаса беруін тілнуіміз кере. Бірақ қазір сыртқы экономикалық қызметті ұлттандыру мәселесін шешу қажет. Қазіргі уақытта елдің сыртқы экономикалық мәмілелері ҚР Ұлттық құзыретінен тыс ресімделуде.
Әңгіме біздің шикізатымыздың экспорты жөніндегі мәмілелер, өнеркәсіптік және тұтыну тауарларының импорты жөніндегі мәмілелер, шетелдік қарыздар мен шетелдік инвестициялар туралы болып отыр
Шикізат Қазақстаннан трансферттік – аралық бағалар бойынша тасымалданады. Оны сатудан түскен табыс бізге толық көлемде қайтарылмайды, тек экспорттаушыға ішкі қызметті қаржыландыру үшін қажет мөлшерде ғана қайтарылады. Бұл сыртқы пайдалану схемасы. Бұл біздің республикамызға мүлдем пайдасыз”, – дейді Своик.
Сондықтан, оның пікірінше, шикізаттық экспорттаушыларды ұлттандыру туралы емес (бүгінгі таңда бұл тым күрделі және саяси қауіпті әрекет болар еді), атап айтқанда сыртқы экономикалық қызметті ұлттандыру туралы мәселе қою керек. Яғни, негізгі сыртқы экономикалық операцияларға Ұлттық бақылау орнату туралы. Оның әдіс-тәсілдері өте көп. Бірақ, ең алдымен, саяси шешім қажет.
– Әрине, мұнайдың жоғары бағасы сыртқы төлем балансын біршама жақсартуға ықпал етеді. Қорытынды сальдо сәл жақсы болады деген болжам бар. Бірақ бұл, бәрібір де теріс болып қалады. Ал теріс сальдо мұнайдың бағасы жоғары болса да оны бір нәрсемен өтеу қажет екенін білдіреді.
Мұны жаңа сыртқы қарыздар мен елге тартылған шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайту арқылы жасауға болады, бірақ онда қосымша валюта экспортымен төлеуге тура келеді. Немесе біздің Үкіметтегі және Ұлттық банктегі макроэкономистер білетін стандартты тәсілге – теңге бағамын төмендетуге жүгінуге болады
Сонда арифметикалық тұрғыдан алғанда, сальдо теріс болмайды, керісінше бір жарым жылға плюске кетеді. Бірақ сыртқы балансты ресми қалпына келтіру бағасы – бұл ел ішіндегі барлық нәрсенің қымбаттауы.
– Қазір Үкіметте осы үйреншікті жоспарды іске асыратын сәтті қарастыруда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дейін оған тыйым салынды. Жаңа жылдық мерекелерді де бұзбауға шешім қабылданды. Содан кейін елде не болғанын бәрі біледі.
Енді таяудағы күндері Үкімет пен Ұлттық Банк Мемлекет басшысына девальвациялық шешімдер ұсынуға батылы жетпейтіні түсінікті
Бірақ жинақтау әсерін ешкім жойған жоқ. Бұл сыртқы төлем теңгеріміне де, Үкімет айналысуға тиіс әлеуметтік проблемаларды шешудегі өсіп келе жатқан қаржылық қажеттілікке де қатысты.
Қазірдің өзінде азық-түлік тарифтері мен бағаларының өсуін тоқтатты. Ал ол үшін ақша керек! Сондықтан, жазға дейін, тіпті күзге дейін де шыдауға болады. Егер, әрине, мұнай бағасы жоғары болып тұрса, бұл жағдайда сәл жеңілірек болады.
Ел басшылығының алдында не соңғы күшті пайдаланса да девальвацияны кешеуілдету, бірақ ақыр соңында оған еріксіздік түрде бару не сыртқы экономикалық қызметті бақылаудың нақты іс-қимылдарын жүргізуді бастау міндеті тұр
Осы арқылы девальвация қаупін де жоюға болады, – деп қорытындылады Петр Своик.