Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада мұнайдың әлемдегі бағасы төмендей түсті.
Бұл туралы халықаралық биржа қорында тіркелген мәліметтер растайды.
Жеңіл маркілі WTI мұнайының шілде айындағы фьючерстері Нью-Йорк сауда биржасында 1,18 процентке құлдырап, барреліне $44,21 құрады. Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайдың бағасы тамыз айында 82 процентке құлдырап, барреліне $46,98 доллар болды. Сәйкесінше,
бұл жайт мұнай экспорттаушы елдердегі шетелдік валюта – АҚШ долларының бағасына әсер етуде. Кеше Алматыдағы ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 321 теңгеден саудаланса, қазір 323 теңгеге сатылып, бір күн ішінде 2 теңгеге қымбаттады.
Kurs.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, бүгін, яғни 20-маусымда Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары 320 теңгеге сатып алынып, 323 теңгеден сатылып жатыр.