Қазақстанда желтоқсан айы құбылмалы болып тұр. Күн бірден аяздап, кейде бірден жылынып кетіп жатыр. Қазір еліміздің көптеген өңірінде көктайғақ. Соның бір көрінісінің видеосы интернетте пайда болды.
Видеода Ақсай-Жетібай трассасымен жүйткіген жеңіл көліктің ашық есігіне жабысқан ер адамның аяғымен мұз үстінде сырғанап бара жатқанын көруге болады.
„Мынау – Ақтау-Жетібай трассасы. Көкмұз дала„ – дейді видеоны телефонына түсірген көлік жүргізушісі.