Орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеп қойыпты.
Бұл туралы ОСК-ның өзі хабарлайды.
Дархан Мыңбай – 1962-ші жылғы кісі. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.
- 2017 жылдың наурызынан бері Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып келген.
- Оның алдында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,
- Ақпарат және мәдениет вице-министрі,
- Президент әкімшілігіндегі ішкі саясатбөлімінің меңгерушісі болған.
- 2012 – 2013 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрі болған.
Фото: primeminister.kz