Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Мұхтархан мықты…”. Көкпар федерациясының басшылығына Ділдәбековті шақырдық

178

Біз Көкпар федерациясының басшылығына атақты боксшы, кезінде көкпармен айналысқан спортшымыз Мұхтархан Ділдәбековті шақырдық.

Көкпардан бокске келген ол қысқа мерзімде Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері болды. Мұхтарханның осы федерацияны басқаруға келгеніне өте ризамыз.

Жақында онымен кездесіп, ұлттық ойынымыздың даму жолын талқыладық. Мұхтархан қазір Федерация жұмысын, өңірлердегі көкпардың жағдайын жіті зерттеу үстінде екенін айтты. Қазіргі таңда жыл бойы көкпар ойнайтын бірнеше ғана өңір бар. Бұл – Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан облыстары. Мұхтархан көкпарды футбол клубтары сияқты жүйемен аймақтарда көкпар клубтарын құру арқылы жоғары деңгейге жеткізіп, ұлттық спорт түрлерінің жанкүйерлері мен демеушілерді тарту жоспарымен бөлісті. Көкпар командалары Астана, Алматы және 14 облыста құрылған.

Мұхтархан Ділдәбеков Көкпар ойынындағы бірыңғай ережеге де тоқталды. Барлық өзгерістер мен жаңалықтар мүдделі тараптармен Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында талқыланатынын жеткізді.

ЮНЕСКО шешімімен Ұлттық спорт түрлері бойынша Олимпиада Астанада өтетіні белгілі.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында біз Астанада Республикалық ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығын аштық. «Қазанат» спорт кешенінде қызу жұмыс жүруде – ЭКСПО’2017 аясында біз көкпардан Әлем чемпионатын өткізген болатынбыз. Енді ұлттық спорт түрлерінен Олимпиадаға дайындық үстіндеміз.

Атап өтсек, 2017 жылы ұлттық спорт түрлерімен 343 303 адам айналысты. Бұл – дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың 6,1 % құрайды. Көкпар ойнайтын адам саны – 29 024, көкпар секциялары саны – 562.

Арыстанбек Мұхамедиұлының

Facebook-тегі жазбасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз