Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрына жаңа басшы тағайындалды

Асхат Максимұлы 1974 жылы 12-наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991-1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

1995-1996 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының “драма режиссері” мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Маман Байсеркенің классында білім алған.

2008 жылы Қазақстан Республикасы президентінің “Болашақ” халықаралық степендиясының иегері атанып, сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. 2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының “драмалық өнер” мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алған.

Бұған дейін “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, “Астана Мюзикл” театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті қызметтерінде болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз