Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұғалімге ата-ана берген сыйлық бағасы қандай сомадан асқанда іс қозғалатыны анықталды

Мектептің жөндеу жұмыстарына, тазалыққа қажетті заттар мен канцелярлық тауарларға, кітап құралдарына мемлекет тарапынан тиісті қаражат қарастырылған. Сондықтан ата-аналардан ақша жинауға ешқандай негіз жоқ. Мамандар осылай деді. Сондай-ақ оқушыларды қаладағы мәдени шараларға мәжбүрлеп апаруға да тыйым салынған. Ал мектепте ақша жинаудың басты құралына айналған ата-аналар комитетінің міндеті қазір қайта қаралып жатыр.

Білім басқармасының мәліметінше, өткен жылдармен салыстырғанда саладағы жемқорлық 2-3 есеге азайған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюрода биыл мектептегі парақорлыққа қатысты 1 ғана дерек тіркеліпті.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Мектеп қабырғасында қаржы жинау мәселесі қатаң тыйым салынған. Сондықтан біз ата-аналарға, ұстаздар қауымына арналған ақша жинауға тыйым салу туралы хат ата-аналарға көрсетілген жерде қабырғада ілулі тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз