Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мұғалімдерді масқара етпек”. Сенатор оқушылардың қылығын айтып, Үкіметке шағынды

222

Оның айтуынша, Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында білімнің маңыздылығын атап өткен.

«Ұстаздарға деген де құрмет ерекше болуы керек. Мемлекет мұғалімдерді жан-жақты қолдау шараларын жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 ппроцентке арттыру туралы қаулы шығарды.

Солай болғанымен, қазақстандық ұстаздардың өздері білім беріп жүрген оқушыларынан қысым көруі әділетсіз болып табылады десек артық болмас. Ұстаздарды балағаттау, тіпті оларға қол жұмсау, балалардың тәрбиесіздігіне кінәлау, тағы сол секілді материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерден көріп жүрміз», – дейді ол.

Сенатор өз сөзінде «Қасиетті ұстаз» деген мәртебелі мамандықтың бүгінгі таңда құнсыздануы өкінішті екенін білдірді.

«Бүгін ата-аналардың тарапынан балалардың көзінше мұғалімдерге әртүрлі балағат және дөрекі сөздерді қолдану арқылы жас жеткіншектердің өз ұстаздарына жеккөрушілікті туғызып, оларға деген құрметтің төмендеуіне әкеліп соғуда.

https://kaz.365info.kz/vkontaktede-tanyskhan-zhigitimen-kezdesuge-ketken-okhushy-4-kynnen-son-tabyldy-272967

Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды. Ұстаздарға деген сенімсіздік күннен-күнге, ата-аналардың тарапынан үдемесе бәсеңдеген жоқ. Өйткені, диктофон, фотоаппарат, мобильді телефон қолдану арқылы оқушылар мұғалімдердің беделін түсіріп жатыр», – дейді Динар Нөкетаева.

Бұдан бөлек, қазір оқушы қыздар Фейсбук секілді үлкендер отыратын желідегі топтарға сабақ үстінен тікелей эфирге де шығатыны бар.

Бұл да мектеп тәртібін бұзу боп табылады. Бірақ мұғалім баланың қолындағы телефонды жұлып ала алмайды. Бұл жекенің мүлкіне қол сұғу боп кетеді. Сондықтан мектептер үшін жаппай тыйым болса, жақсы болар еді дейді ұстаздар қауымы.

https://kaz.365info.kz/sagadievtin-byl-tirligi-zansyz-ba-elektrondy-kyndelik-mygalim-men-ata-anaga-sor-boldy-293475

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз