Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мұғалімдерді халық санағымен айналысуға мәжбүрлеу заңсыз – саясаттанушы

Қазақстанның кейбір аймақтарында мұғалімдер оларды халық санағы мен вакцинация науқандарына қатысуға мәжбүрлеуде деп шағымданды:

күн сайын есеп тапсырып және ата-аналардан процедураны алғандығын растайтын дәлел талап етуге мәжбүрлеуде. Егер ата-анасы санақтан немесе вакцинациядан өтпесе, онда мұғалімдерге қысым жасай бастайды

Ал демалыс күндері мұғалімдерді “сенбілікке” жібереді. Бұл жергілікті әкімдіктер өткізетін түрлі байқауларға міндетті түрде қатысу туралы айтпағанның өзінде, педагогтарды түрлі бейнетүсірілімдерді құрастыруға мәжбүрлейді. Бұл оларға білім беру үдерісіне назар аударуға мүмкіндік бермей, педагогтарға шамадан тыс жүктеме жүктейді және жұмыстан тыс уақытта жеке өмірлеріне арналған уақыттарынан айырады.

Үнсіз отырма

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, мұндай міндеттер оқытушылардың мойнына жүктелмеуі керек. Ол әкімдіктердің шенеуніктерін қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланбауға, ал мұғалімдерді үнсіз қалмауға және заңсыз әрекеттерге шағым айтуға шақырады.

Саясаттанушы Замир Қаражанов онымен келіседі. Оның айтуынша,

бұл жергілікті жердегі озбырлық. Мұғалімдер өз құқықтары үшін ұйымдасқан және ұжымдық түрде күресуі керек

– Санақ, вакцинация, сенбілікке қатысу бойынша барлық осы есеп беру рәсімдері –педагогтардың жұмысы емес. Оларға тіпті бұл үшін ақы төленбейді. Барлығы ерікті түрде жасалады. Егер бізде білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы болса, олар білім министрлігі мен жергілікті билік органдарының шенеуніктерін сотқа бере алар еді. Сонда жағдай, әрине, өзгереді.

Замио КаражановЗамир Каражанов

Қазір не болып жатыр, белгілі бір дәрежеде халықтың құқықтық дәлелсіз қарсылығы. Олар адамдарға қатысты заңсыз әрекет жасайды, ал олар ренжіп сөйлеп алады да, келіседі. Дұрысында әрбір жеке жағдайда нұсқауды кім бергенін анықтау керек, және оған не шағым айту, не сотқа беру қажет, — дейді ол.

Зиянды тәжірибе

Заңдардың орындалуын және елдегі еңбекшілер құқықтарының сақталуын прокуратура органдары қадағалауы тиіс. Мүмкін, мектеп директорына бастапқыда әкімдіктің қысымы болған шығар, ол ең аз қарсылық көретін жолмен жүрді.

– Жалпы, мұғалімдерге барынша көп жүктеме беру әдеті кеңес заманынан бері сақталып келеді. Ол кезде  мұғалім де, кез-келген басқа азамат да жүйенің құлы болды. Бір қарағанда Одақ отыз жылдан бері жоқ сияқты, бірақ әдеттер сақталған.

Карл Маркстің дәйексөзі бар: “Өткен ұрпақтардың әдет-ғұрыптары тірі адамдардың санасына қорқыныш сияқты әсер етеді”. Ол мұғалімдердің қазіргі жағдайын айқын көрсетеді

Бүгінгі таңда мемлекет жұмыс істейтін адам құқығының құндылығын сезінбейтін сияқты. Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылады. Тек білім беру жүйесінде ғана емес. Есіңізде болса, бізде шахталарда жарылыстар болды, адамдар басшылықтың қауіпсіздік ережелерін бұзуы салдарынан қаза тапты. Оның салдары ерекше болған жоқ.

Жергілікті жерлердегі заңсыздықты көрсетіп жазалау керек деп санаймын: қызметінен босату, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру, қылмыстық істер жүргізу. Мұны жүйелі түрде жасау керек. Сонда жазаның бұлтартпастығының ықпалы пайда болады, қалған шенеуніктер де ойлана бастайды, — деп қорытындылады Қаражанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз