Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мұғалім қашан жарытып жалақы алады?

Өз кезегінде министр еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

“Жақсы сұрақ.

Педагогикалық стандарт аясында біз еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуге тырысып жатырмыз.

Тәрбиешілер, мұғалімдер, меңгерушілер, сынып жетекшілері – барлық педагогтарға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту үшін барлық өзгерістерді бір пакет нормативтік құжаттарға енгізбекшіміз. Мектеп, колледж директорлары бізден еңбекақы төлеу жүйесін өзгертуді сұрап отыр”, — деді ол.

Кездесуге келген үш баланың анасы да жалақы мәселесін көтерді.

“Мектепте техникалық қызметші болып жұмыс істеймін. Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан бала-шағаға көңіл бөле алмай жатамыз. Техперсоналдың жалақысын көтеруге қалай қарайсыз? Министрлердің, депутаттардың жалақысы көтеріліп жатқанда, неге біздің айлығымыз аз. Шынын айтқанда, 30-40 мыңға біз күн көре алмаймыз”, — деді әйел.

“Өте маңызды сұрақ. Қазір еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту бойынша жобамыз бар. Жазда ол талқылауға түседі.

Сонда техперсонал, қосымша музыкадан сабақ беретін, сосын колледж, дене шынықтыру мұғалімдері бар — бәрі қамтылады.

Бәрін ретке келтіріп, шешуге тырысатын боламыз”, — деп жауап берді Сағадиев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз