Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Мұғалім екен…». Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

133

https://kaz.365info.kz/taltajyp-aldy-almatyda-sylulykh-salonynda-yrlykh-zhasagan-bojzhetken-videoga-tysip-khapty-328098

“Жанар өте белсенді қыз болатын, барлық іс-шараға қатысатын. Волейбол ойнайтын, жарыстарға қатысып, жеңіске жететін. Ауылда ол ешкіммен сөзге келіп қалмайтын. Қазір ол сол жігіттермен сол келісімге келді деп айыпталып жатыр. Менің қызымның кінәсі жоқ”, – дейді Гүлстан.

Қыздың 14 шілдеде Жамбыл облысынан Алматыға келгені айтылады. Жанар бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі мамандығына оқыған екен. Ал биыл жазда ол кафеде даяшы болып жұмыс істемекші болған.

“Отбасымызда 11 адам, менің алты балам бар. Әкесі зауытта жұмыс істейді, қазір денсаулығына байланысты екі ай уақыт жұмыс істемей жүр. Қызым ол күдіктілермен пәтерде бірге тұрған құрбысы арқылы танысқан. Ол жігіттер Астанадан Алматыға 17 шілдеде келген. Олар ол уақытқа дейін таныс болмаған. Қиясов менің қызымның жігіті болды. Бірақ қызым олар жайлы айтпайтын”, – деп еске алды әйел.

 

https://kaz.365info.kz/olar-da-zhazalansyn-bekbolat-tileuhanov-denis-tennin-olimine-bajlanysty-ministrge-zhygindi-324755

 

Айта кетейік, 22 жастағы Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша істе үшінші күдікті ретінде өтіп жатыр.

27 шілдеде ол 2 айға қамауға алынған болатын. ІІМ басшысы Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысынан келгенін және Алматыда даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

https://kaz.365info.kz/akhysyn-zhegen-saltanat-bakhaevadan-akhyn-khyz-khomakhty-akhsha-ondirip-aldy-video-328079

Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

 

Денис Теннің қазасы халықтың қабырғасын қайыстырып кетті. 

Бұдан бұрын Тележүргізуші эфир кезінде Денис Теннің қазасы жайлы айтам деп көз жасына ерік берген еді. 

https://kaz.365info.kz/basynan-bir-ret-khylmysker-nyrlan-khiyasov-denisti-khalaj-oltirgenin-ajtyp-berdi-324729

“Атамекен” бизнес арнасының жүргізушісі Денистің қазасын хабарлау барысында көз жасына ерік берді. Ол сөзін аяқтай алмай, эфирде аздаған кідіріс болды. Әрі қарай кадр сыртындағы мәтінді оқыды.

Алайда даусы дірілдеп, толқи отыра оқыды. Эфирден Денисті еске алуға келген тұрғындар жайлы сюжет берілді.

Желі қолданушылары бұл жайтқа түсіністікпен қарады.

“Түсінеміз, бәрімізге де ауыр, қайырлы болсын”, “Қазақ елі үшін ортақ қайғы, бәріміздің жүрегіміз ауырды”, “Денистен айырылғанымыз өкінішті, қазаны хабарлау да оңай емес”, – деп жазады желідегілер.

https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз