Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-4
USD
463
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.99
0.00

Мұғалім болып жұмыс істеген педофил 17 жылға сотталды

Аталмыш іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, қылмыскерге үкім кесілді.

«Сот Кравцовқа 17 жыл берді. Оның ісі бойынша үш жәбірленуші болғанын айта кеткен жөн. Сотқа келіп түскен іс материалдары бойынша сотталушы 2017 жылдың 17 маусымында ауылдық мәдениет үйіне 6 мен 10 жасар аралығындағы кішкентай қыздарды алдап кіргізіп алып, шешіндіріп, арам ойын іске асырмақ болған», – дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин.

Сондай-ақ, сот үкімі бойынша істі болған Кравцовқа өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып отыр.

Мешіт Ғазиз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз