Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Музарттың» алғашқы костюмі Алматы мұражайына табысталмақ

«Мысалға ең алғашқы альпинсті білмедім, біздің биік шыңды бағындырған. Жасырмаймын елбасымыздың, бұрынғы «Комсомол шыңы» болған шыңның 1998-ші жылы қателеспесем, елбасымыз бағындырған «Президент шыңы» бар екенін мен білмеппін», – дейді Сәкен Майғазиев.

Алғашқыда келген қонақтарға мұражайды толыққанды таныстыру Сәкенге жүктелген еді. Алайда, бұл жауапкершілік жүгінен жүрексінген Майғазиев музыкалық бөлімге экскурсия өткізуді таңдаған.

«Дос-Мұқасан» ансамбілінің алғашқы гитарасы және қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқов атамыздың мандолинінің осында тұрғанынынан құлағдар едім. Құдайға шүкір, жолымнан жаңылған жоқпын, жастарға соны таныстыруға тырыстым», – дейді Майғазиев.

https://kaz.365info.kz/zhala-zhappandar-serik-ibragimov-fonogrammamen-ajtady-dep-synagandarga-zhauap-berdi-video-281659

Экскурсия барысында елді елең еткізген тағы бір тың ақпарат! Келешекте, Алматы мұражайы меймандары «МузАрт» тобының тарихынан сыр шертер жеке жәдігерлермен де танысу мүмкіндігін алмақ.

«Туып тұрған бірден-бір мүмкіндік. Осы мұражайда «МузАрт» тобының алғашқы үнтаспасы болады ма, жоқ киімдері, алғашқы кастюміміз болады ма барахолкадан алып киген, сол бір әдемі естелік болатын шығар деп өз басым ойлаймын», – дейді Сәкен Майғазиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз