Үш молда кезігіп қалыпты. Әңгімеден әңгіме шығып, пітір-садақадан түскен ақшаны не істейтіндерін сұраған ғой. Сөйтсе, бірінші молда айтыпты:
– Мен түскен ақшаны жинап алам да, жерге шеңбер сызам. Сөйтіп ақшаны лақтырып жіберем, Шеңбердің ішіне түскені Алланікі, сыртына түскені менікі.
Екінші молда:
– Мен түскен ақшаны жинап алам да, жерге сызық сызам. Ақшаны лақтырып жібергенде, сызықтың арғы бетіне түскені Алланікі, қалғаны өзімдікі – депті.
– Мен шеңбер де, сызық та сызып әуре болмаймын. Түскен ақшаны алам да аспанға лақтырып жіберем, құдайым өзіне керегін сол жерден қағып алады. Жерге түскені менікі – деп айтады дейді.
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан