Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мойындаймын”. Жесір әйелмен секс жайлы әңгімелескен дінтанушы бар шындықты айтты

387

Осыған орай NUR.KZ порталының тілшісі атышулы теологпен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын білді.

«Бұл біреулердің маған әдейілеп қолымен ұйымдастырып жасаған жаласы. Бейнежазба монтаждалған.

Осы видео жарық көрердің алдында ғана мен қажылықтан оралған Құрбанәлі сопының (суретте) аяғын сүйгендерді айыптап, молданың дінге қайшы істерін айтып, ақ киізге көтеретіндей тірлігі жоқ, жастардың миын улап жатқан догматол екеніне ашық пікір білдірген болатынмын.

Картинки по запросу абдулла бақадыр

Ол Өзбекстанда сотталып, Қазақстанда миссионерлік жасап жүрген жерінен Қызылордада ұсталып, елден қуылған. Оған ешкім әлі рұқсат берген жоқ. Қазақстан мұсылмандары басқармасына қарсы халыққа «мешітке бармаңдар, ол жерде бәрі уахабшылар» деп жалған ақпарат беріп жүрген сопысымақ», – деді Абдулла Бақадыр.

Сондай-ақ дінтанушы хат арқылы белгісіз әйелмен хат алмасқанын мойындады.

«Ол келіншектің өзі мені қаралау үшін арнайы ұйымдастырылған болып тұр. Иә, мен ол әйелмен хат арқылы сөйлескенім рас. Бірақ кездескенім жоқ. Қазір мені қаралап жатқандарды сотқа беру мәселесін ойластырудамын. Ал, Құрбанәлінің өзін отандық телеарнаның біріне пікірталасқа шақырдым. Егер өзіне жауап беретін азамат болса келеді деп ойлаймын», – деп сөзін тәмәмдады дінтанушы.

Тағы бір айта кетерлігі, Абдулла Бақадыр осыдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының мешітінде баспасөз қызметкері болып жұмыс жасағанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз