Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-3
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Мобильді “Күнделік” бағаны неге рубльмен көруді ұсынады?

426

2019 жылдың басынан бастап ата-аналар қауымы “Күнделік”-тің ақылы болуына наразылық білдірді. Қалай болғанда да, балаңыздың үлгерімін басқа балалардың үлгерімімен салыстыру үшін ақы төлеуге тура келеді.

“Күнделік” мобильді қосымшасымен жағдай тіпті нашар. Онда тек сабақ кестесін ғана тегін көруге болады. Ал оқушының үлгерімін көру — ақылы. Бағасы айына 59 Ресей рублі. Бір жылға бірден төлесеңіз, электрон күнделіктің функционалы 22%-ға арзан болады, яғни 549 рубль.

Келіссөздер және таңдау

Неге мемлекеттің күштеуімен міндетті түрде пайдалануға берілген электрон күнделік ақылы, әрі сатылатын болса неге ұлттық валютада емес? Бәлкім, мұның негізінде “Күнделік” ЖШС құрылтайшыларының ресейлік екі компания мен Болатбек Саттарұлы Ералиев болуында ма? Ашық көздерде ол “Қазтранском” топ-менеджері ретінде көрсетілген.

365info медиапорталы Білім және ғылым министрлігінен осы тұрғыда ақпарат беруін сұрады. Ведомствоның жауабы төмендегідей.

— Электрон күнделікті әзірлеуге қанша қаражат жұмсалды?

— Мемлекеттік бюджеттен “Күнделік” жүйесін әзірлеуге бюджеттік қаражат жұмсалған жоқ. Электрон журналдар мен күнделіктер жүйесі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде әзірленген. “Күнделік” жүйесі жеке серіктестің өз қаражаты есебінен енгізілді (“Күнделік” ЖШС).

— Жасақтаған кім? Күнделікті әзірлеуге тендер өткізілді ме? Егер өткізілген болса, өткізілген конкурстың қорытындыларына сілтемені көрсетіңіз:

— “Күнделік” жүйесін әзірлеуші “Күнделік” ЖШС болып табылады. Министрлік пен “Күнделік” ЖШС арасындағы мемлекеттік-жеке әріптестік туралы шарт “Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы” ҚР Заңына сәйкес жеке әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жасалды.

— Қазіргі уақытта “Күнделікке” техникалық қызмет көрсету кімнің есебінен жүріп жатыр?

— Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына сәйкес

“Күнделік” жүйесі жеке серіктестің өз қаражаты есебінен әзірленді, енгізілді және қолдау тапты

Жүйені техникалық сүйемелдеуді “Күнделік” ЖШС өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Мақсат — ақша табу ма?

— 2019-2020 оқу жылында “Күнделік” пайдаланушылардың саны қанша?

— “Күнделік” жүйесінде 337 мың мұғалім, 2 млн 932 мың 110 оқушы және 1 млн 982 мың 948 ата-ана тіркелген.

— Күнделіктің толық нұсқасын пайдаланғаны үшін абоненттік төлем алу туралы кім, қашан және қандай негізде шешім қабылдады?

— Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шартқа сәйкес оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін қажетті сабаққа қатысу, бағалау, үй тапсырмалары, күнтізбелік жоспар бойынша қызмет тегін болып табылады. Яғни, пайдаланушыларға — балалар, ата-аналар және мұғалімдер үшін тегін қолжетімділік беріледі. Және кез келген құрылғыларда, соның ішінде мобильді құрылғыларда ресми сайтта қол жетімді.

Ақылы қызметтер қосымша сервис (қызмет) болып табылады және ата-анасының қалауы бойынша ғана беріледі

Мысалы, қала, облыс, республика бойынша баланың үлгерімін талдау, смс-хабарлама, мобильді қосымшалардағы сервистер.

Адамдар — жаңа мұнай ма?

Және мұнда жағдайдың түрлі нұсқаларын қарастыруға болады. Мысалы, егер ата-ананың үйде компьютер болмаса не істемек керек? Ал мобильді қосымшада тегін сервис бастапқы тіркелген сәттен бастап 1 ай ішінде ғана қолжетімді.

Алдымен төлейсің, содан кейін ғана пайдаланушы күнделікті бағаларды көре алады

“Күнделіктің” ақылы болуы мәселесі 2017 жылы көтерілген болатын. Қызметті ерікті-мәжбүрлеп қосу арқылы табыс көзіне айналдыру қаншалықты дұрыс?

Қазіргі курс бойынша, егер әр оқушының отбасы “Күнделік” үшін төлейтін болса, қомақты сома шығады.

Электрон күнделікті 9 ай пайдалану үшін 3 270 теңге төлеу қажет. Немесе барлық оқушылардан 9,5 млрд теңге

Егер ақылы қызметті барлық оқушының ата-анасы орнататын болса, 6,4 млрд теңге шығады. Біз мәселені “Күнделік” ЖШС-ның өзімен талқылап көруге тырыстық, бірақ сайтында көрсетілген телефондары жауап бермейді. Және де әзірлеушілердің ұстанымын тыңдап, тақырыпты қуана жалғастырамыз.

Біз әзірлеушілер тарифтерді өз бетінше орнатқанын түсінеміз. Бірақ балалардың үлгерімін қадағалайтын мектеп қоғамдастығы үшін жалғыз қолжетімді сервистің ақылы болуы сұрақ тудырады. Және мемлекеттік-жеке әріптестік шарттағы министрліктің рөлі анық емес. Серіктес ретінде, оның шарттық міндеттемелері қандай? Жеке ЖШС-ға елдегі оқушылардың мәліметтерін беріп отыру ғана ма?

Сұрақ көп, жауап жоқ.

Министрлік басты құпияны, әрі ең қызықты құпияны ашпады. Неге серіктес ретінде дәл осы ЖШС таңдалды?

“Жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу” деген тұжырымды қалай түсіну керек? Министрлік басқа үміткерлерді атамайды. Есесіне мектептің ақылы қызметтерінің нарығына ресейлік рубльге балаларының бағаларын қадағалауды ұсынатын монополист қосылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз