Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
7
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

“Миы шашылып қалған”. Алматыда шатырдан құлаған кесек мұздан 60 жастағы әйел көз жұмды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қайғылы оқиға тапа-тал түсте мына көпқабатты үйдің дәл алдында болған. 60 жастағы Наталья Шамузова жаяу жүргіншілерге арналған жолмен осындағы медициналық орталыққа массаж жасатуға келе жатқан беті екен. Кенеттен, оның төбесіне алып мұз құлап, әйел сол мезетте жан тапсырған.

“Қайтып келе жатқан кезде мұз құлады дәу. Алыстан көрдім. Келсем миы ақтарылып жатыр”, деді куәгер.

Ажал айтып келмейді десек те, оқиға орнына жеткен марқұмның алыс туыстары Натальядан осылайша айырылып қалғандарына сене алар емес. Шетелде жүрген балаларына қаралы хабарды қалай жеткізулерін білмей дал.  Ал ғимараттардан салбырап тұрған мұздарды түсіруі тиіс  қызметтегілер осыдан аз уақыт бұрын қайғылы оқиға болған шатырды сүңгіден тазартып кеткендерін айтады.

“Өткен аптада осы үйдің төбесі тазаланған деп “Верный” ЖШС  басшысы айтып отыр.  КСК-лардың барлығы  қыс уақытында міндетті түрде төбелердің барлығын тазалау керек. КСК-ларға жалпы мұз тазаланбаса айыппұл  салынады”, деді Бостандық ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы.

Осы оқиға бойынша полиция бар, солармен бірлесіп шара қолданамыз. Осылай аудан әкімдігі тазарту жұмыстарын жүргізуге құлықсыз пәтер иелері кооперативтерінің қара тізімін жасап жатырмыз дейді. Ал құзырлы орындар 60 жастағы әйелдің өлімін «жазатайым оқиға»  ретінде тіркеп, қазір тексеру жүргізіп жатыр.

Қарашадағы қақаған аяздан соң, жылымық орнап, қазір қаладағы ғимараттардың шатырынан мынадай сүңгілер салбырап тұр. Төбеден төнген қауіптің бір түрі бұл. Сондықтан тұрғындарға жүріп-тұрғанда, әсіресе үйлердің маңынан өткен абай болуларыңызды ескертеміз.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз