Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Митингтер, тұтқындаулар мен әскерилер: Беларустегі президенттік сайлау алдындағы оқиғалар

244

30 шілдеде Беларусте ел тарихындағы ең ауқымды митинг өтті. Түрлі мәліметтер бойынша, оған 65 мыңға дейін адам қатысты.

Ресми түрде бұл саяси негізі бар концерт түрінде өтті. Қатысушылар Светлана Тихановскаяны қолдады. Алдағы президенттік сайлауда ол Александр Лукашенконың ең күшті қарсыласы.

Бұл  басқа үміткерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болды. Олардың ішінде Тихановскаяның күйеуі де бар. Қамауға алынғаннан кейін ол оппозицияның атынан шықты: Тихоновскаяға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған митингте  Виктор Бабарико (қамауға алынған) мен Валерий Цепкалоның (қудалаудан қорқып, Ресейде жасырынған) әйелдері сөз сөйледі. Бұл әйелдер қазір Беларустегі наразылықтың символына айналды:  оларға қолдау білдіру үшін елдің түпкір-түпкірінен мыңдаған адамдар келді.

Барлығы

кезекті президенттік сайлау Александр Лукашенконың саяси мансабындағы ең ауыр сайлау науқаны болуы мүмкін деген пікір білдіруде

Шипажайдан келген әскерилер

Ресейліктердің тұтқынға алынуы Беларуске қатысты басты халықаралық жаңалық болды. 28 шілдеден 29 шілдеге қараған түні Минск маңындағы санаторийде 32 адам ұсталды.

Мемлекеттік ақпарат агенттігі бастапқыда олардың барлығы шетелдік жеке әскери компанияның жауынгерлері екенін хабарлады, ал екі сағаттан кейін қамауға алынған ресейліктер Вагнер жеке әскери компаниясының  әскерилері екенін айтты.

Кешке МҚК басшысы да бұл ақпаратты растады, ал тұтқынға алған сәттің  кадрлары елдің барлық негізгі арналарынан көрсетілді.

Ресми нұсқасы бойынша,

Беларуске 200-ден астам әскерилер келді, олардың басты мақсаты — «сайлау науқаны кезіндегі жағдайды тұрақсыздандыру»

«Келушілер ресейлік туристерге тән емес мінез-құлық танытып, әскери стильдегі монотонды киімдерімен көзге түсті. Алкоголь ішпеді, көңіл көтеру орындарына бармады, өздеріне назар аудармауға тырысты. Олар шағын топ болып санаторийдің аумағы мен айналасын мұқият зерттеді», — деді Белта агенттігі.

Александр Лукашенко «не болып жатқанын түсіндіру үшін дереу тиісті ресейлік құрылымдарға жүгінуді» талап етті»:

«Мен ресейліктердің қандай жауап қататынын біліп отырмын. Олар қазірдің өзінде ақталып, оларды өздерің осында әкелдіңдер дейді. Әрине, пасық ниеттерін қалай да ақтап алу керек қой».

Ресей мұндай айыптаулармен келіспейді. СІМ болып жатқан оқиғаға қатысты асыра сілтеу, барлығына Ресейді кінәлау әрекеті таң қалдырады деп атады. Ресейдің Беларустегі елшісі ұсталғандардың Ыстамбұлға транзитпен ұшып, ұшаққа үлгермегенін атап өтті. Алайда не себепті ұшып бармақ болғаны жайлы түсіндірмеді. Ресми емес нұсқа бойынша: Ливияға, Түркия қолдау білдірген Триполидегі үкімет үшін күреске қатысуы керек болған.

Спектакль қоюда

Минскіде ЖӘК жауынгерлері не үшін жүр? Саясаттанушылардың үш негізгі нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының күшті және әлсіз жақтары бар.

1. Ресей билігі жалдамалы адамдардың транзиттік ұшуы туралы білмеді, ал Лукашенко ресейліктерді өз мақсатына пайдаланды. Сценарий салыстырмалы түрде шындыққа жанасады, бірақ күмән тудыратын жақтары да бар. Қонақтар өздеріне көңіл аударып, оғаш қылықтар жасаған.  Бұл олардың транзиті белгісіз болды деген нұсқаға күмән келтіреді. Егер Беларуске алдын ала ескерту жасалса,  олар не себептен әскерилерді қамауға алып, қарсылық танытты?

2. Ресей билігі жауынгерлерді әдейі Минскіге жіберді. Олар Лукашенкоға қолдау білдіруді немесе оған қарсы арандату  шараларын жасауды мақсат етті. Тақтан құлатуды көздеді деген нұсқаны ешбір сарапшы қолдамай отыр,  Мәскеуге әлсіз Лукащенконың билікте отыруы тиімді.

3. Болып жатқанның бәрі – екі ел арнайы қойған спектакль. Бұл сценарийге конспирологтар сенгенімен,  сарапшылар күмәнмен қарайды. Ресейге қазір тәуекелге барудың  және жаңа санкциялардың қажеті жоқ. Екі ел арасындағы сенім деңгейі соншалықты жоғары емес.

Ары қарай не болады?

Президенттік сайлау қалай өтетіні белгісіз. Елде тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер болмағандықтан, Лукашенконың нақты сенім рейтингін бағалау қиын. Беларусь Ғылым Академиясының Әлеуметтану институтының сәуір айындағы сауалнамасы Минскіде қазіргі президентке сенім білдіргендер — 24%, ОСК-нің сенім деңгейі 11% екенін көрсетті.

Шілде айының ортасында БАҚ пен телеграм-арналары институтта тінту жүргізілгенін хабарлады. Осыдан кейін сайлау нәтижелері мен олардан кейінгі оқиғаларға қатысты қандай да бір болжам жасау қиын. Елде бұрын-соңды болмаған саясаттандыру жүріп жатыр, дейді саяси шолушы Артем Шрайбман.

Оның нұсқасы бойынша, негізгі сценарий келесідей болуы мүмкін:

ОСК әдеттегідей Лукашенконың 70-80% нәтижесімен жеңіске жеткенін жариялайды. Түрлі қалаларда ондаған мың адам наразылық білдіреді. Олар қуылып, жағдай бірнеше күннің ішінде тынышталады.

Бірақ ауытқулар да болуы мүмкін және оларды болжау мүмкін емес, дейді сарапшы. Осыдан кейін Лукашенко қауіпсіздік күштерінің қолдауына бұрынғыдан бетер сүйенуге тура келеді. Ал бұл елде бұрын-соңды болмаған жаңа жағдай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз