Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мирзиеев былай жасапты…”. Өзбектен озғанымыз өтірік пе сонда?

7995

Өз-өзімізді алдау емес пе бұл? Өзбектен оздық деген дабырамыз өтірік боп шықса, масқараның көкесі сонда болады ғой?

Белгілі блогер Бауыржан Серікбайдың өзбектің өз ішіндегі өзгерістер мен Қазақстандағы жағдайды салыстыра жазған жазбасы бірден көзімізге шалынды. Автор былай депті:

– Мирзиеев Өзбекстан билігіне келгеннен кейін өзбек еліндегі Манас атты ауылды тұтасымен адам танымастай етіп өзгертті.

Жаңа жол, мектеп пен ауруxана, спорт залдарын салып, су тартып осы қадамы арқылы

Өзбекстанды болашақта қандай жұмыстар күтіп тұрғанын өзбек xалқына сездіргісі келді.

Қазақстанда 160 аудан бар. Біздің табиғи байлық пен xалық санының өлшемін салыстырар болсақ жылына 160 аудандағы 160 ауылды ауыз сумен, замануи жолмен, жаңа мектеп пен мәдениет орталықтарымен қамтамасыз етуге әбден болады. 

Ол үшін 13 мың Болашакердің ішінен 160 талантты азаматты таңдап, жыл сайын жаңа 160 ауылға реформа жасап отыру керек.

Қазақстан xалқының 45% ауылда тұратынын ескерсек 5-6 жылдан кейін елдегі әлеуметтік жағдай мен дамудың шынайы көрінісін сезетін боламыз.

Ешқандай ЭКСПО мен бітпейтін самиттердің қажеті жоқ. Жыл сайын 160 ауданда бизнесі өркендеп, жаңарған 160 жаңа ауыл болуы керек.

Егер де осыны жапондарға тән тиянақтылықпен істей алсақ, Қазақстандық дамудың көкесі сонда болар еді…

Әттең, үлкен мінберден пікір айтар бәсекелі саяси жүйе жоқ. Бәріміз бір кісінің аузына қарап отырған заманда өмір сүріп жатырмыз…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз