Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Министрлік маса шаққаннан кейін қайтыс болған әйелге қатысты түсінік берді

Оның сөзіне қарағанда, медициналық кезекшілік бригада бірден жедел бригаданы шақыртқан.

«Сәйкесінше, талдау шаралары сот-медициналық сараптамада жүргізіледі. Қазіргі кездегі қорытынды – ол нақтыланбаған шок. Енді басқа да тереңдетілген зерттеулер жүргізіледі. Осының нәтижесінде аталған қайғылы оқиға бойынша нақты қорытынды шығарылады», – деді Л. Ақтаева.

Сонымен қатар вице-министр медициналық рәсімдер кезінде кез келген әрекеттерге жазбаша келісім берілетінін атап өтті. Оның айтуынша, аталған оқиға бойынша келісім болғанын немесе болмағанын анықтау қажет.

«Бұл тұрғыда медициналық құжатнамаға талдау жасау керек, себебі келісім науқастың өзінен алынады. Егер де емделуші кәмелетке толмаған жағдайда ғана, келісімді ата-анасы береді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аталған әйелдің ауруханада көз жұмғаны туралы оның құрбысы Фейсбуктегі парақшасында жазған болатын. Оның атап өтуінше, 28 жастағы Мақпал Еспенбетова елордадағы бірінші қалалық аурухананың көмегіне жүгінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз