Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Министр ЕХРО аумағындағы көпірді біреу әдейі қиратуы мүмкін екенін айтты

111

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

– Қазір техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтайық, кейін шешім шығарамыз. Біреу қасақана кесіп тастаған шығар. Немесе құрылыс материалы сапасыз болуы мүмкін. Барлығын анықтаймыз.

Астанадағы халықаралық көрме өтетін аумақтағы әсемдік үшін салынған 90 метрлік көпір опырылып қалған еді. Өткел тура Қазақстанға тиесілі ұлттық нысан мен шетелдіктерге арналған павильонды байланыстырып тұрған.

ЕХРО аймағындағы апат түскі уақытта болғандықтан адам шығыны жоқ. Көпірді салған “BI Group” оқыс оқиғаға қатысты бірнеше болжам жасады. Құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, нысанды жобалағанда қате кеткен, құрылыс талаптары бұзылған немесе материал сапасыз болуы мүмкін. Қалай болғанда да, келген шығынды “BI Group” өзі өтейді.

Еске сала кетелік, алдында көпірге пайдаланылған метальдың Қытайдікі, оның сапасыз болуы туралы болжам да айтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз