Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Министр: Бензин бағасы Ресей импортына тәуелді болмақ

Оған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев “Импорт азайған жағдайда баға төмендей ме?” деп сұрақ қойды. Бозымбаев премьерге “баға кем дегенде тұрақтанатынын” ғана айтты.

Бозымбаевтың сөзінше, бензин бағасы Ресейден импортталатын бензин бағасына тәуелді болады, егер баға қазіргі бір тонна жанармай үшін 560 доллар көлемінен өзгермесе, онда ішкі нарықта баға төмендейді.

Бұдан соң премьер Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке монополияға қарсы қызметтің бензин бағасын бақылауға алуын тапсырды.

Қазақстанда жанармай бағасы соңғы бірнеше күнде біртіндеп өсіп жатқаны байқалады. Ең көп тұтынылатын АИ-92 маркалы бензин бағасы соңғы апталарда 141 теңгеден 151 теңгеге дейін көтерілген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз