Қызылордада 9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында ерекше флешмоб өтті.
Қаладағы жоғарғы оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттар арқылы «Коррупция stop» сөзін жазып, қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылық білдірді.
Алаңға жиналған жастар алдында
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Абзал Сансызбайұлы сөз сөйлеп, қазақтың ұл-қыздарын коррупциямен бірлесе күресуге шақырды.
Айта кетейік, шара соңында студенттер патриоттық әндер шырқап, шерулерін аяқтады.