Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Миллиондай қазақ тұратын Ресейде қазақша білім беретін бір-ақ мектеп бар

122

Өзбекше оқытатын 58 мектепті, ұйғырдың 18 мектебін, 3 тәжік мектебін, ағылшынша оқытатын 2 мектепті және қосыңыз оған. Қазынаның қаншама ақшасын шығындап, бұлардың бәрін кім үшін, қай елдің болашағы үшін оқытып жатырмыз сонда? Әр қалада бір-бір орыс мектебін қалдырып, қалғанының бәрін қазақ тіліне көшіру керек. Қазақстанда тұрады екен, қазақша оқысын!

Я болмаса, 10 жылға дейін барлығына мемлекеттік тілде ғана білім беріп, одан кейін олардың тілін факультатив ретінде ғана оқыта бастау қажет. Ресейде солай істейді екен. Біз ғана көтінен кері кетіп бара жатырмыз. Ал университеттердегі орыс бөлімі деген мүлдем болмауы керек. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деп қақсап жүргеніміз рас болса, орыстілді кадрлардың қажеті қанша?

Білім министрлігінің қазіргі істеп жүрген реформасының бәрі далбаса нәрсе. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргені секілді, ең үлкен проблеманың бәрін былай ысырып қойып, ең жеңілін, онда да оқушының басын қатыратын бастамаларды ғана қолға алып жатыр.

Бұның бәрі бүгін болмаса да, ертең бәрібір қолға алынатын реформа. Оны кейінге шегере бергеннен ұтылып, бармақ тістеп қалмасақ кейін, ұтпаймыз ешқашан!

 

Бақтығұл Қанатов

Фейсбук парақшасынан 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз