Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Михаил Ломтадзе жаңа сервис туралы айтты: үйден шықпай-ақ Kaspi Gold шотын ашуға болады

610
М. Ломтадзе

Көптеген адамдар қазіргідей жағдайда бұндай әрекеттің қауіпті екенін біледі. Алайда шот нөмері бәрібір керек, сондықтан адаимдар  үйлерінен шығып, банк бөлімшелеріне баруға мәжбүр.

Халыққа көмек көрсету үшін Kaspi.kz компаниясы қысқа мерзімнің ішінде жаңа бірегей сервисті әзірледі. Ендігі жерде қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz  ұялы қосымшасында Kaspi Gold шотын ашып, 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға қажетті есепшот нөмерін ала алады. 

Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе, жаңа сервис туралы өз пікірін білдірді:

— Біз қазақстандықтардың жәрдемақы алуға қажетті есеп шот ашу үшін карантин жағдайында банк бөлімшелеріне баруға мәжбүр болғанына қатты алаңдап отырмыз. Біздің командамыз рекордтық қысқа мерзімде ең жаңа заманауи технологияларды пайдаланып, инновациялық қызметті іске қосты. Біздің қымбатты клиенттерімізге енді бөлімшелерге келіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Енді үйден шықпай-ақ,  онлайн режимде Kaspi.kz  ұялы қосымшасында Kaspi Gold шотын ашып, шот нөмерін жәрдемақы алуға пайдалана алады.

Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін клиенттер тек 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақыны алады, сондай-ақ Kaspi.kz-тегі барлық қызметтерді еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, кез келген Kaspi Gold картасына аударымдар жасап, Kaspi.kz-тегі 5 мыңнан астам қызметтердің ақысын төлеп, сондай-ақ қосымшадағы дүкенде сауда жасай алады.

Қажет болған жағдайда Kaspi Банкоматтан Kaspi QR  немесе ЖСН-ді пайдаланып шотынан ақша шешіп, сондай-ақ Kaspi Банкомат немесе Терминал арқылы есепшотын толтыра алады.

Карантин аяқталғанда шот иелері  Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесінен KaspiGold пластикалық карталарын алып, онымен сатып алған заттарының ақысын төлей алады. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз