Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мерзімді депозиттен ақшаны бұрын алғандарға айыппұл салынады

Сондай-ақ, ол мерзімінен бұрын алынатын қаржы үшін айыппұл салынатынын атап өтті.

«Мәселен, банктің келісімшартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын қайтарып алуға болады. Мерзімді салымға 100 мың теңге берілді деп есептейік. Оның 12 айдағы жылдық тиімді пайыздық мөрлшерлемесі 12 пайыз болады. Депозит 10 айдан кейінгі мерзімде қайтарып алынса, жинақталған сыйақымен бірге 104 958 теңге сомасында беріледі.

Жалпы жинақталған сыйақының 50%-ы 4 958 теңге. Депозитті мерзімінен бұрын жабуға байланысты банкте қалатын сома 4 958 теңге болады. Бұл айыппұл деп есептесек болады. Егер салым мерзіміне сәйкес алынса 112 015 теңге төленеді. Оың ішінде сыйақы сомасы – 12 015 теңге », – деді қор басшысы.

Сондай-ақ ол мерзімді депозиттер бойынша шектеулі пайыздық мөлшерлеменің шкаласы бекітілгенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк басшысы теңге депозиттері бойынша шарттар өзгеретінін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз