Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын кезде жігіттерді жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

178

https://kaz.365info.kz/aren-kondirdim-tyrsyngali-men-bayan-esentaevanyn-khandaj-zhanalygy-bar-video-287405

«Мені мектеп кезінде бір жігіт қатты сүйді. Оны ұнатпай, басқа жігітпен көңіл қостым. Бірнеше жыл жүріп аяғым ауыр болды. Оны жігітіме сүйіншілеп жеткізген кезімде «Қандай бала? Негізі менің отбасым бар» деп айтты. Баланы алдырдым. Енді сол мектепте маған ғашық болған жігіт үйленуге ұсыныс жасап отыр. Ол мені өте тәрбиелі деп таниды. Енді жақын күндері ата-анамызға айтып, үйленудің қамына кіріспекші. Не істерімді білмей отырмын»,-деді бойжеткен.

Бағдарламаға қатысып отырған имам және психолог,  үш қыз тәрбиелеген ана бойжеткенге жігітті алдамау керектігін айтты. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева болса, тура осы жерде шындықтың ғашықтар қарым-қатынасын құртатынын айтты.

«Неге бәріңіз шындықты айт дейсіздер? Ертең ол жігіттің көңілі суып кетеді. Оданда кешірімді Алладан сұрап, жігітті алдаған дұрыс. Себебі сен шындықты айтқаныңмен ол кешірмей қалса қалай болады? Кешіргеннің өзінде бірнеше жылдан кейін бетіңе басса ше?. Біз тек жаратушыдан ғана кешірім сұрауымыз керек.

https://kaz.365info.kz/asha-mataj-oz-sykhbatyn-1000-satpakhshy-287288

Жаңа имам кісі де солай айтты ғой. Жігіттен кешірім сұрау міндетті емес. Қазақтың жігіттері пәктікке қарап қалған. Мысалы, мен келінім пәк болмаса да жақсы қабылдаймын. Балам екеуі бақытты болса, болды. Екеуі қырылысып жүрсе, мен оның пәктігін қайтемін?»,-деді әнші.

Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз