Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Мерт болған өзбектер екен”. Астанада құрылыс нысанының басшысы қамауға алынды

Полицейлер анықтағандай, қабырғаның құлауы жабынды плитаның үстінде құрылыс материалдарының шамадан тыс болуынан орын алған.

«Жүкті арту-түсіру жұмыстарына жауапты құрылыс нысанының басшысы, 1970 жылы туған Қазақстан азаматы, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүруде», – деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бүгін елордада құрылыс нысанында жабынды плитаның және қабырғаның опырылып құлауы салдарынан екі адам мерт болды, үшінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданындағы Алаш көшесінде бой көтеріп жатқан құрылыс нысанында сағат 11.56-да болды. Кейбір деректерге сүйенсек, мерт болған екеу мен тағы бір зардап шегуші Өзбекстан азаматтары екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз