Түркия президенті Режеп Ердоған ресми Брюссель Анкараға қатысты саясатын өзгертпеген жағдайда, Еуропалық одақпен шекарасын босқындарға ашып беретінін ескертті. Бұл туралы ол жұма күні Стамбулда мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.
Бұның алдында Еуропарламент Түркияның ЕО-қа кіру жөніндегі келіссөздерін тоқтатуды қолдап дауыс берген еді. Депутаттардың көпшілігі қолдаған осындай шешім Анкараның шілдедегі сәтсіз мемлекеттік төңкерістен кейін басталған қудалауларына жауап ретінде қабылданды.
Түркия мен Еуропалық одақ биыл наурыз айында Эгей теңізі арқылы келетін босқындарды тежеу туралы келісім қабылдаған еді. БҰҰ мамандарының есептеуінше, осы бағыт жабылғалы бері Еуропаға ұмтылған босқындардың өлім-жітімі әлдеқайда көбейген.
Turkey’s Prime Minister Recep Tayyip Erdogan addresses MPs at the parliament in Ankara, on February 12, 2013. AFP PHOTO/ADEM ALTAN (Photo credit should read ADEM ALTAN/AFP/Getty Images)