Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Менталитет және жол апаты: “Ібілістің” қорғаушылары немесе құқықтық сананың деформациясы

222
Фото: mayaksbor.ru

Тереңге бармай-ақ, көзге көрініп тұрған жерлерін айтайық.

Бұл жолдардағы бәрімізге белгілі және үнемі талқыланатын жағдай. Дәлірек айтқанда, заңның бір бөлігі болып табылатын жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Бірақ, шамасы, мұны бәрі бірдей түсінбейтін сияқты.

Егер өткенге шағын экскурсия жасасақ, онда шамамен 20-30 жыл бұрын жол қозғалысы ережелерін сақтау маңызды тіректердің бірі болды, жолдарда тәртіп болатын. Жүргізушілер ережелерді білетін, ал жолдарда тәртіп жақсы сақталатын.

Қазіргі уақыт туралы олай айту мүмкін емес.

Қазір жаңа жүргізушілерді даярлау төмен деңгейде екендігі дау тудырмайды, бірақ жағдайды түбегейлі өзгерту үшін билік шара қолданбайды.

Нәтижесінде, жол ережелерін және жалпы заңды нашар білетіндер өз білгендерімен жүре және қоғамға мүлдем бұрмаланған түсініктерді енгізе бастайды.

Мүмкін  шынымен керек шығар …

Алысқа барудың қажеті жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы түсініктемелерді және әлеуметтік желілердегі ереже бұзушылықтар, апаттар және басқа да жол-көлік қиындықтарына қатысты жазбаларды қараңыз.

Біреулер жолмен ережені өрескел бұзып әрі дөрекі жүреді: тыйым салған бағдаршамға қарамайды, автобус жолағымен жүреді, жол жиегінен өтіп кетеді, бұрылатын қатарды бұзады, қозғалысқа кедергі келтіреді және тағы сол сияқты әрекеттер жасайды. Мұндайда “Ібіліс” қорғаушысы тәрізді өз пікірлерін білдіретін азаматтар мен азаматшалар да табылады. Мүмкін, ол асығыс шығар, мүмкін оған бір нәрсе болған шығар, мүмкін оған бір нәрсе  керек шығар, мүмкін біреу толғатып жатыр немесе өрт болайын деп жатыр… және осы қорғаушылардың логикасы бойынша, егер адам шұғыл жағдайға тап болса, онда оған барлық заңдар мен ережелерді бұзуына болады.

Сонымен қатар жол ережелерін және айналасындағыларды елемеуге себеп болады.

Тәжірибе көрсеткендей, ереже бұзушылардың басым көпшілігі төтенше жағдайларға байланысты емес, жай бұзады. Неге екені белгісіз, бұл адамдар, ең алдымен, жолда барлық адам тең деп ойламайды. Жалпы алғанда, бәрі асығыс, әркімнің бизнесі бар және әркімнің өз проблемасы болуы мүмкін. Бірақ бұл анархияға беріліп, жолда заңсыздық жасауға себеп бола алмайды.

Тәртіп бұзушылар проблема емес пе?

Рөлдегі арсыздардың қауіптілігі мынада: жол ережелеріне сәйкес, олардың ереже бұзғандығын дәлелдеудің өзі өте қиын. Бақылау камераларындағы немесе бейнетіркегіштегі жазбалар болса да, не болып жатқанын толықтай түсіну мүмкін емес.

Мысалы, оны қатардан «итеріп» шығарған немесе ұялмай «қысып тастаған» жүргізуші ғана айқын сезініп, бағалай алады. Осындай «киліккіштердің» бейнетүсірілімін салған кезінде «Мұнда тұрған не бар? Ештеңе болған жоқ, солай емес пе?» деген пікірлерді жиі оқуға болады. Автор ойдан шығарып, құрастырып, дау іздеп отыр дегендей.

Кейбір жағдайларда жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы туралы талқылау ақылға сыймайтын дауға айналады. Мысалы, «оған немене шүйлігіп қалдың, елде басқа мәселе жетпей жатыр ма? Бәрі шешілді ме? Онсыз да бәрі ұрлап жатыр, сонда жол ережесін бұзуға болмай ма? Немесе такси жүргізушілерінің заң бұзушылықтары немесе ашық дөрекілігі анықталған жағдайда, біреу міндетті түрде мынадай пікір жазады – олардың жұмысы онсыз да ауыр, нан табуына неге кедергі жасайсыңдар?

Осы бұрмаланған логика бойынша, егер сіз жұмыста жүрсеңіз, демек заңдар мен ережелерге мән бермеуге бола ма? Шынында да, әркімнің өз жұмысы бар және барлығы өз мүмкіндігінше ақша табатыны түсінікті емес пе, бірақ бұл заң бұзушылыққа сылтау бола ма?

Теріске шығару факторлары

Жұмсағырақ айтқанда, заңды дәлелсіз қарсылық және қаттырақ айтсақ, заңды кретинизм қайдан пайда болды? Неліктен бізде адамдар қарапайым құқықтық қақтығыстарды нашар біле тұра, көбінесе бүкіл қоғамға жай ғана ойға сыймайтын логикасы мен ұғымдарын енгізуге тырысады?

Қарапайым болып көрінетін бұл сұрақтарға нақты жауап жоқ. Себебі сіз қоғамның осы шытырманын ашуға тырысқан кезде, әр қадам сайын толығымен әртүрлі салаларға қатысты мәселелердің шыңырауына бата бересіз. Қоғамның білім деңгейінің күрт төмендеуі, адамдардың билікке деген сенімсіздігі, өмір сүру деңгейі мен жалақының төмендігі байқалады. Сондай-ақ, инертті менталитеттің бір бөлігі, азаматтық ұстаным мен белсенділіктің жоқтығы бар. Тіпті психикалық әрі менталды ауытқулар да.

Сосын заң бұзушылықтарды ақтайтындар, ең алдымен, өздері заң бұзады. Олардың көпшілігі бұл бүркеншік дағдыларды өмірді жеңілдететін лайфхактар ретінде түсініп, оны ұят деп санамайды. Олар ескерту жасаған кезде, жай ғана ашуланып – өз ісіме өзім жауап бере аламын, ал ұстап алса, айыппұл төлеймін дейді. Қалғандарына мұның не қатысы бар?

Түйіндеме

Мұның барлығына қатысы болуы керек. Біздің азаматтық қоғам өзінің бірлігі мен ортақ мақсаттарын сезінбейінше, бұл кішкентай зиянкестер-бұзушылар, өздерінің арсыз эгоизмінің салдарынан жеке мүдделерін басқалардан жоғары қоятын әрі заңдылықтың негізін бұзатындар осылай көбейе береді.

Бірақ олар қоғамда өмір сүретіндіктен, кем дегенде қарапайым азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңдарға бағынуы керек. Өйткені, үлкен қиындықтар мен қылмыстар ұсақ-түйектен басталады.

Қозғалған мәселе біздің қоғам тап болып отырған үлкен проблеманың шыңы ғана болып табылады. Бірақ тіпті бір ғана кішкене компонентті талдау үлкен және жан-жақты проблемалардың кешеніне әкеледі, олардың нақты диагнозы әлі қойылмаған.

Алдын-ала оны “қоғамның деформациясы” деп атауға болады. Бірақ бұл жаңа мақалалар циклінің тақырыптары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз