19-мамырда ресейлік әнші Валерий Леонтьев өз музыканттарымен бірге Шымкентке келді. Әнші қалада концерт өткізеді.
TVK арнасының түсірілім тобы жұлдызды қарсы алып, айналасындағы музыканттармен тілдесе алды.
“… Біз көптен бері Шымкентте болмадық. 15 жыл болған шығар. Кеше Ақтауда жақсы қарсы алды. Концерт екі сағат болады, тоғыз би қоямыз”, – деді бас гитарашы Валерий Будилов.
“Келесі күні Ресейдің Халық әртісі “Түркістан” сарайында концерт беріп, тыңдармандар ықыласына бөленді.
“Опасные связи” шоу балеті” биімен сахнаның көркін келтіре түсті. Ал әртістің өзі ән айтумен қоса би де биледі.
Алайда әнші өнеріне табынушылармен бірге суретке түсіп, қолтаңба таратудан бас тартты.
Дегенмен жұртшылық жалпы концертке риза болды”, – деп атап өтті телеарна журналисі.