Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Менингит қаупі туралы жалған ақпар таратты деген күдікпен 4 адам анықталды

Алматы облысында менингиттен қайтыс болған бір үйдің 5 жасар баласы мен 18 жастағы болашақ келінінен кейін, үшінші адам  белгілерімен ауруханаға түсті. 2001 жылғы бала олармен тығыз байланыста болған екен. Сондай-ақ, 3-маусым күні өмірі үзілген өрт сөндіру қызметкерінің бауыры да ыстығы көтеріліп, ауруханаға өзі барыпты. Ал осы аптада Астанада тағы екі науқас: ересек еркек пен әйел адам анықталып отыр.

“Олардың диагноздары осы менингит тәрізді. Ішінде бас ауру бар, дене қызуының көтерілуі.  1980-жылғы азаматша онда тіпті денесінде сәл-сәл дерттер шықты. Сондықтан осы екі азаматқа болжамды диагноз қойылды”,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.

Дегенмен, статистика бойынша аурудың таралуы біраз бәсеңдеген. Биыл бұл дертке 60 адам шалдықса, соның 27-сі жазылып шыққан. 13 адам көз жұмды. Ал 20-сы емделіп жатыр.

Инфекцияның ендігі таралуын шектеу үшін дәрігерлер адам көп жиналатын жерлерге аса мән беріп отыр. Әсіресе, маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні барша мұсылман Қадір түнін күтеді. Соған байланысты, мешіт имамдарына біраз ұсыныс берілді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз