Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Менің көзімше айналысты….” Көп балалы ана күйеуінің бөтен әйелмен төсектес болғанын айтып салды

188

Жалғыз басты ананың айтуынша, оның пәтер жалдап жүргеніне 16 жыл болған.

https://kaz.365info.kz/kereksiz-zat-bauyrzhan-satovtyn-birinshi-ajeli-ne-yshin-azhyraskhandaryn-ajtty-325974

«Ең бірінші қиындық – жалғызбастымын. Күйеуім бар деген аты ғана. 2015 жылдан бері мүлдем жоқ. Істі болған. Содан өз қайғысы өзінде. Үй болып кетейік деген ой жоқ. Бұл жерде мен қатты кетіп, ер адамдарға тіл тигізбеймін. Отбасын асырап жүргендер де бар. Бұл енді маған Алланың берген сынағы шығар», – дейді алты баланың анасы.

Өз сөзінде ол күйеуінің істі болғанын айтты. Ол күйеуінің өтінішімен Астанаға барып, оны босатуды сұрап өтініш жазған. Алайда содан бері күйеуін көрмеген.

«Сен менің әйелімсің ғой. Өтініш жаз», – деді. Балаларымның әкесі болғаннан кейін, амал жоқ жаздым. Оны қараша айында шығарды. Мен оны көрген жоқпын. Көргім келмейді», – дейді Гүлжахан.

 

https://kaz.365info.kz/tyrsyngali-alagozovty-paterden-shygaryp-zhiberdi-326046

Бағдарлама барысында Гүлжахан өмірінде болған сұмдық жайт туралы да айтты.

«Адамның жүрегіне өшпейтін дақ салып кеткен еркектің маған не керегі бар? Ауыр болса да айтайын. Үйдегі бір бөлмеде мен балаларыммен жатсам, ол екінші бөлмеде басқа әйелді алып келіп төсектес болады», – деп ағынан жарылды көп балалы ана.

Сондай-ақ ол күйеуінің өзін ұрғанын да айтты.

«Қызының көзінше анасын сүйреп ұрып жатса… Мұндай әке не үшін керек?» – деп көз жасын тыя алмады ол.

Гүлжаханның айтуынша, ол жұмыстан қашпайды. Қандай жұмыс болса да балаларын асырау үшін бас тартпайтынын айтты.

Өз кезегінде «Шұғыла» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мейірхан Әбдірахманов оған жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтып уәде берді.

https://kaz.365info.kz/baj-izdep-zhyr-ma-altynaj-zhorabaeva-maskhara-khylygy-zhelide-tarap-ketti-video-325945

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз