Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Менің балаларым”. Атырауда екі баланы ұрлап кеткен келіншек ұсталды

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бейтаныс әйел мен екі кішкентай бала Құлсары қаласындағы көшелердің бірінен таңғы төрт шамасында табылды. Әйел екі баланы өзімен бірге алып кеткен.  5 жасар ұл мен 4 жасар қыз аулада ойнап жүрген. Куәгерлер балаларды белгісіз әйелдің таксиге салып жатқанын көріпті.

27 жастағы әйелдің бұл қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Бірқатар дерек бойынша, ол жүйке ауруына шалдыққан. Қазір балалар өзін жақсы сезінеді және өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-аналары оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

“Балалардың денсаулығына зиян келмеген. Қазір олар ата-аналарының қасында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – деді Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі Аслан Нұрғалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз