Петропавлда әскер институт түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде курсанттардың біріне ере келген қыз күтпеген оқиғаға тап болды.
Курсант Асхат Сайрамбаев оқуды аяқтап, тәртіп бойынша әскери кеште вальс билеу үшін жүріп жүрген қызына өтініш жасаған деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Айта кетелік, бұл жиында – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтында салтанатты жағдайда 209 түлекке диплом мен лейтенаттық погондар тапсырылды. Оның алтауы әскери институтты үздік бітірді, ал тағы бір түлекке “Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін” төсбелгісі табыс етілді.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, барлығы 20 жылда Әскери институт ел әскері үшін 3100-ден офицер дайындап келген.