Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мені зорлап тастады”. “Алло” хитінің авторы Құрал Молжановтың басы дауға қалды

Newtimes.kz-ке берген сұхбатында Қыдырбай Сүйінов белгілі композитор Құрал Молжановты өзіне зорлық көрсетті деп айыптаған.

“Ол кезде Құрал туыстарымен бірге вокзал жанында отын сатумен айналысатын. Алғашқыда екеуміз жақсы араласатынбыз. Екеуміздің жасымыз да шамалас.

Бірақ кейін ол пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, мені зорлады. Ақырында онымен үш жыл бойы кездесіп жүруге мәжбүр болдым.

Себебі ол мені ұрып-соғып, доқ көрсететін”, – деп еске алады ол.

Ал Құрал Молжановтың өзі аталған жайттың болғанын жоққа шығарды.

“Ондай болған емес. Есімде, бала кезімізде қатарластарым Қыдырбайды ұстап алып, мазақ қылатын. Бірнәрселер айтқызып, тіпті стриптиз билеуге мәжбүрлейтін. Мен өзім намаз оқимын. Дәл қазір осы нәрсені ауызға да ала алмаймын, жаңа ғана жұма намаздан шықтым.

Өзім таңғалып тұрмын. Мүмкін оны әлдебіреулер ұстап алып, сіздерге қоңырау шалуға мәжбүрлеген шығар?! Бұрын ауылда жігіттер солай жасайтын. Бұрын жігіттер оны ұстап алып, көшеде билеткізіп, камераға түсіретін. Мүмкін осы жолы да солай шығар?

Маған оның номерін беріңіздер, ақ-қарасын анықтайын. Мына әңгіме мені ашуландырып отыр. Мен, міне үш жылдан бері Алматыда тұратын адаммын”, – деп жауап берді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз